Accessibility links

Ирақтың бұрынғы басшысын ұстауға көмектесетіндей мәлімет берген адамдарға Америка сыйлық ақша ұсынып отыр.


Арабтың Әл-Жазира телеарнасы Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хусейіннің даусы болуы мүмкін деген бейнетаспадағы хабарлама маусымның 14-де жазылған деп хабарлаған. Онда сөйлеушінің даусы мен мақамы ирақтықтардың арасында тұратын адамға ұқсайды деген болжам айтылады. Бұл хабар Ирақтағы АҚШ тағайындаған әкімшілік басшысы Пол Бремер Саддам Хусейінді ұстауға көмектесетіндей ақпарат- дерек берген адамға 25 миллион доллар сыйлық тағайындаймыз деп жариялаған соң, бір күннен кейін берілген. Кеше Ирақтағы Американың ең үлкен әскери базаларының бірі минометтен атқыланған кезде, 18 солдат жараланған. Одан бірнеше сағаттардан соң, Америка жасақтары әскери көлік сапына шабуыл жасады деп күдіктелген Ирақтың 11 адамын өлтірген.
XS
SM
MD
LG