Accessibility links

Молдова мен Днестр аймағы ортақ конституцияны қабылдауға келісті


Молдовадан бөлінуге бет алған Днестр аймағының басшылары ортақ конституцияны қабылдауға келісті. Молдова президенті Владимир Воронин ұсынған жоспар бойынша Днестр аймағының басшыларына көбірек билік берілмек, бірақ аймақ Молдованың құрамдас бөлігі болуға тиіс. Елдің шығысындағы Днестр аймағында орыс халқы басым. Молдова туысқан Румыниямен бірігіп кетеді деген алаңдаушылықтан Днестр аймағында 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған еді. Сол кездегі ұлтаралық қақтығыстарды жүздеген адам қаза болды. Ресей 1992 жылы Днестр аймағына әскер кіргізді, сол әскер қоныстанған жерінде әлі қалып отыр.
XS
SM
MD
LG