Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хусейнді ұстап беруге атсалысқандарға 25 миллион доллар ақы сайланған соң жұма күні "Әл Жәзіра" араб телекомпаниясы Саддам Хусейннің үндеуі деп бір аудиотаспаны ойнатты. Саддам Хусейннің дауысы 14 маусымда таспаға басылды деген үндеу Ирақ халқын жаппай қарсылыққа шақырады. "Мен Саддам Хусейнмін, елден ешқайда кеткен жоқпын, жеке басым аман," дейді таспадағы адам.
АҚШтың Ирақтағы әскері саддамшыл жеке жауынгерлерге қарсы бүгін Бағдадтың солтүстігінде "Сайдуайндер" операциясын бастады. Себебі партизандық сипаттағы шабуыл дәл осы аймақта өте көп. АҚШ әскерінің өкілі сержант Эми Эббот жаңа операция мен Саддам Хусейннің үндеуінің жариялағанында ешқандай байланыс жоқ деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес