Accessibility links

Түркия офицерлері Солтүстік Ирақта ұятты жағдайда тұтқындалды


Ирақ солтүстігіндегі Сүлеймания қаласында кеше АҚШ әскері Түркия сарбаздарына тап болып, оларды тұтқынға алды. Олар Түркия арнаулы жасағының қызметіндегі үш офицер және резервтегі сегіз офицер екен. Түркияның "Хюрриет" газеті ол офицерлерге Киркөк әкіміне қастандық дайындап жүрді деген айып тағылды дейді. Киркөк провинциясын Күрдістан патриоттар одағының төрағасы Жалал Талабани басқарады. Күрд жауынгерлері тәуелсіздік қамымен Түркия әскерімен он бес жыл соғысып келеді, осы кезеңде шамамен 37 мың адамның өмірі қиылды. АҚШ әскері Ираққа шабуыл жасағанда Түркия үкіметі Ирақ күрдтері тәуелсіздікке қол жеткізеді, сөйтіп Түркияның күрдтеріне де үлкен қозғау салынады деп алаңдады. Түркия бас министрі Режеп Тайып Ердоған түрік сарбаздарының Ирақтан табылып, тұтқындалғанын бүгін ұят шаруа деп сипаттады, бұрын соңды ешқашан орын алмаған оқиға деп сипаттады. Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл мәселені АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауеллмен талқылады. Колин Пауелл тұтқындалған сарбаздардың аман-саулығын және олардың босатылу шарттарын айтты.
XS
SM
MD
LG