Accessibility links

Британиялық радиохабар таратушы Би-Би-Си корпорациясының басшылығы үкіметтен Ирақ мәселесі бойынша кешірім өтінуден үзілді-кесілді бас тартты.


ЛОНДОН: Британиялық радиохабар таратушы Би-Би-Си корпорациясының басшылығы үкіметтен Ирақ мәселесі бойынша кешірім өтінуден үзілді-кесілді бас тартты. Ол жайында корпорация басшылығы Лондондағы мәжілісінен кейін жариялап, өз журналистеріне табанды түрде қолдау білдірді. Корпорация мен үкімет арасындағы жанжал - премьер-министр Тони Блэр мен ол бастаған үкімет Ирақтан төнген қатерді асыра көрсетіп, ондағы соғысты бастауға түрткі болғаны жөнінде Би-Би-Си таратқан репортаждың артынша шыққан болатын. Өз кезегінде Т.Блэр аталмыш репортаж өзінің абырой-беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді деп мәлімдеп, Би-Би-Си-ді өткір сынға алды.
XS
SM
MD
LG