ТБИЛИСИ: Грузияның ресми билігі мен оппозициясы 9-ыншы қарашада өтетін парламент сайлауын бақылаудың АҚШ ұсынған жобасымен келісіп отыр. Ол жөнінде АҚШ-тың Гүржістанға аттандырылған арнаулы өкілі Дж.Бейкер хабарлады. Оның қарсаңында ғана ол Тбилисиде грузин президенті Э.Шеварнадземен кездесті. АҚШ жоспарына сәйкес, сайлау комиссияларының құрамына ресми үкіметтен 5 өкіл, ал оппозициядан 9 адамнан кіретін болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасын – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым тағайындайтын болады. АҚШ-тың арнаулы өкілі Дж.Бейкер өз сапарының басты мақсаты – Э.Шеварнадзені президенттік биліктен кетуге көндіру болды деген ақпарды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Жексенбі күні Тбилисиге, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бас хатшысы Ян Кубиш келіп табан тіреді.
Грузияның ресми билігі де, оппозициясы да кезекті парламент сайлауының барысын бақылаудың АҚШ ұсынған жобасын қолдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?