Accessibility links

Ирақтың солтүстігінде Түркияның 11 әскериін қамауға алған АҚШ-ты түрік премьер-министрі Р.Эрдоган оларды босатуға шақырды. Сол күні кешкісін олар босатылды.


АНКАРА: Түркияның премье-министрі Реджеп Эрдоган АҚШ-ты тағы да жұма күні Ирақтың солтүстігінде американ әскері тұтқынға алған түркиялық 11 жауынгерді босатуға шақырды. Оның атап көрсетуінше, қамауға алынғандарды босату - “Түркияның намысын қорғау мәселесінен” туып отыр. Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл “тұтқындалғандар солтүстік Ирақтағы Киркук қаласының күрдтерден тағайындалған әкіміне қарсы қастандық жасауға әзірленіпті” деген бастапқы ақпарды растайтын дерек жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ, тұтқындалғандардың бір бөлігін АҚШ әскерилері босатты деген сенбілік хабар да расталмады. Ендігі жерде Түркия үкіметінің төрағасы болған жағдаятты АҚШ-тың вице-президенті Д.Чейнимен талдамақ ниет білдіруде. Соңғы сәтте келіп үскен ақпарға сәйкес, Түркияның тұтқынға алынған 11 жауынгері босатылды. Қауіпсіздік үшін олар Бағдадта түнеп, бүгін таңертең Ирақтың солтүстігіндегі Сүлеймания қаласына тікұшақпен ұшып шықпақ.
XS
SM
MD
LG