Accessibility links

Страсбургте “Қазақстан Республикасы-Еуропалық одақ” парламенттік ынтымақтастық Комитетінің 4-мәжілісі өтті


Шілденің 2-сі және 3-і күндері аралығында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей бастаған Қазақстан парламентінің ресми делегациясы қатысты.

Ресми делегациясының құрамында Парламент сенатының депутаттары Ермек Жұмабаев, Уәлихан Қайсаров, Еділбай Иманқұлов, ал, Мәжіліс депутаттарынан Асқар Қабанбаев, Еділбай Иманқұлов, Төлебек Қосмамбетов, Рахмет Мұқашев, Рауан Шаекиндер болды.

Осы сапарға барып қайтқан Қазақстан Парламентінің депутаттары аталған мәжіліс нәтижелі болды деген пікір айтып отыр. Сенат депутаты Уәлихан Қайсаровтің айтуынша, осы жылдың ақпан айында еропарламенттің қазақстанға байланысты қабылдаған қарары өзгертілмек.

Көп мәселелер қаралды. Ақпан айында Еуропарламенттің Қазақстан туралы қабылдаған қарары болған еді. Сол қарардың біраз бөліктерімен Қазақстан келіспей, бір-екі-үш делегация барған, бірақ олардың нәтижесі болған жоқ. Ал, осы жолғы сапарымыз өте сәтті болды. Еуропарламент өз қарарларын өзгертеміз деп мойынына міндет алып отыр. Қазақстаннан барған оппозиция басқа ақпарат береді. Осы мәселе талқыланған кезде Еуропарламент бізді ғана емес, оппозицияны да тыңдайды. Біз осы жолы дұрыс дайындалып бардық. Меніңше, біздің делегация өз мақсатына жетті деп толық айтуға болады.

Уәлихан Қайсаров, аталған қарарда Қазақстанда бұқарлық ақпарат құралдарының бостандығы жоқ және саяси тұтқындар көбейіп кетті деген мәселелерге байланысты көзқарастарды түзеуге қол жеткенін айтты. Осы мәжілісте Уәлихан Қайсаров, бұқаралық ақпарат құралдары туралы, Ермек Жұмабаев адам құқықтары жайында, Рауан Шаекин Денсаулық және экология мәселесі бойынша,Төлебек Қосмамбетов пен Еділбай Иманқұлов, Еуропаның Қазақстанға жасайтын көмегі туралы сөз сөйлеген. Мәжіліс депутаты Төлебек Қосмамбетовтің айтуынша да сапар нәтижесіз емес. Бірақ, Қазақстан тарапынан айтылғандардың барлығы қабылданды деп айтуға болмайды,- деді ол.

Еурокомитеттің мүшесі Калланан деген Англиядан сайланған депутат біздің елдегі болып жатқан істерге қарсы пікір айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары, сайлау мәселесі, бас бостандығынан айырылған азаматтарды қандай жағдайда ұстау керек сол мекемелерде, одан кейін терроризмге қарсы күрес, соның барлығына жағдайды түсіндіріп айтқаннан кейін ол кісінің көзі жетті толығымен.

Қазақстанда қабылданған саяси партиялар туралы заңға және басқа да мәселелер бойынша пікірталастар болған.

Жаңадан қабылданған саяси партиялар туралы заңның талабы бойынша партияның 50 мың мүшесі болуы керек. Олар осыны неге көп деді. Мәселен, заң қабылданғанға дейін 19 партия болса, соның бүгінгі күні 7-еуі қалды, қалғаны құқықтық мәселелерге жауап бере алмағандықтан тіркеуден өтпей қалды деген пікір айтты. Біз түсіндіріп айтқаннан кейін, олар біздің айтқанымызбен келісті. Оппозицияның өкілдері болды. Ол кісілер өз пікірлерін айтқан да жоқ.

Төлебек Қосмамбетовтің айтуынша, Қазақстандағы сайлау, саяси партиялар жүйесі және экономикадағы жағдай мәселсі Еуропарламенттің алдағы болатын жалпы отырысында қарау жөнінде қазақстан және еуропарламент комитеттері тарапынан ұсыныс жасалған. “Қазақстан Республикасы-Еуропалық одақ” парламенттік ынтымақтастық комитетінің келесі отырысы 2004-ші жылы Қазақстанда өтеді.
XS
SM
MD
LG