Accessibility links

Баянауылды өрт шарпыды


Қазақстанның көрiктi жерлерiнiң бiрi--Баянауыл тауы өрт құшағына оранды.

Соңғы мәлiметтерге қарағанда, өрт жалыны Баянауыл табиғи саябағындағы Жасыбай көлiнiне жақын маңдағы 2600 гектар орманды алқапты шарпыған. Мұның өзi, әсiресе, осы демалыс аймағындағы демалушыларды әбiгерге түсiрсе керек.

Қазiр мұнда 2 мың демалушы бар. Өрт сөндiру қызметi өрттiң бағыты басқа жаққа бұрылғандықтан туристер мен демалушыларға қауiп төнiп тұрған жоқ деп мәлiмдедi. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi мекеменiң және өртке қарсы күрес қызметiнiң хабарларына сүйенсек, тiлсiз жаумен бұл күндерi 300-ден астам адам және 52 техника күресуде. Алайда, оны ауыздықтау оңайға түспей тұрған көрiнедi. Қайта, күштi жел қабаттасып, өрт өрши түскен. Ал Торайғыр көлiне жақын жерде тағы бiр өрт ошағының пайда болуы жағдайды тiптен қиындатып жiберген. Бұл маңда 10 мың гектарға, соның iшiнде 4500 гектар орман алқабына қауiп төнiп тұр.

Маусымның 5-iнен бастап төтенше жағдай жарияланған алқаптағы өрт жалыны, алғашқы болжамдарға қарағанда, балардың экологиялық клубының мүшелерi тауда болып қайтқаннан кейiн басталған.
XS
SM
MD
LG