Accessibility links

Ақтөбе облысының бюджетi 1 миллион долларға толықты


Ақтөбе облысының бюджетi ойламаған жерден 1 миллион АҚШ долларына толықты Бұл ақшаны «Ақтөбемұнайгаз» компаниясы салған.

Облыстық қаржы басқармасының бастығы Жолдымұрат Аманбаевтың айтуынша, қытайлық инвестор өзiнiң Ақтөбе облысына келгенiне 5 жыл толуын осындай жомарттықпен атап өтпек болған.

Аманбаев мырзаның айтуынша, «Ақтөбемұнайгаздың» ақшасы ауылдарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. 1 миллион доллардың бiр бөлiгi ауыл тұрғындарын несиелендiруге, мал шаруашылығымен айналысатын ауылдарда мал өсiретiн базалар құруға және жастарды ауылға тұрақтандыру үшiн елдi-мекендерге тұрғын үйлер салуға жұмсалмақ.

Сондай-ақ, аудандық ауруханаларды жиһаздармен, ал спорт мектептерiн арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету де осы ақшаның есебiнен жүргiзiлмек. Ал жарты миллион теңгенi Кеңқияқ аулының коммунальдық инфроқұрылымын дамытуға жұмсауды инвестордың өзi өтiнiп отыр «Ақтөбемұнайгаз» компаниясы бiрiншi рет облыс қазынасына қомақты қаражат салып отырған көрiнедi.
XS
SM
MD
LG