Accessibility links

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі жұмысшы тобының кезекті отырысы


7 шілдеде Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі арнаулы жұмысшы тобының отырысы бастылды.

Кеңес отырысын Қазақстан СІМ бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов ашып, жүгізді.

Қайрат Әбусейітовтың айтуына қарағанда, АӨСШК мүшелері өзара сенім арқылы жалпы проблемалардың бәрін шешуге болады. Егер бұл істе нақты бір оң нәтижелерге қол жеткізетін болсақ, онда Азия аумағындағы мемлекетаралық қатынастағы тұрақтылықты сақтаудың және АӨСШК мүше елдер арасындағы маңызды факторы болып есептеледі.

АӨСШК алғашқы саммитінің шешімдері мен Алматы актісін жүзеге асыру мақсатында 2003 жылдың қаңтар айында кеңеске мүше 15 мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары комитетінің отырысы өткізілген болатын. Осы жолы сондағы шешімдерге сәйкес, арнайы жұмысшы тобы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары тізбесінің жобасын қарастыратын болады. Бұл құжат Азия құрлығындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайту және тереңдету үшін әскери-саяси, экономикалық, мәдени, экологиялық салаларда АӨСШК мүше мемлекеттердің жүзеге асыратын кешенді шараларын анықтайды.

- Біз үшін бірінші кезектегі маңызды міндет, сенім тізбесі мен хатшылыққа қатысты мәселелерді қамтитын құжаттарды қабылдау,- дейді Қайрат Әбусейітов. - Осыдан үш ай бұрын тиісті құжаттарды таратқан болатынбыз, олар осы жолы қаралатын болады.

АӨСШК жұмысшы тобының отырысы екі секцияда жұмыс істеуде. 7-9 шілде аралығында арнаулы топ АӨСШК-ның сенім шаралары тізбесінің жобасын қараса, ал 9-12 шілде аралығында екінші жұмысшы тобының отырысы болып, АӨСШК хатшылығы туралы жоба және Ереже талқыланбақ.

Одан кейін жоғары лауазымды тұлғалар комитетінің 2004 жылдың бірінші тоқсанында өткізілетін кезекті отырысы барысында іске асырылады. Баяндалған құжаттардың жобалары СІМ-лерінің 2004 жылғы кездесуінде қарастырылып, қабылданған шешім 2006 жылғы Аяиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің екінші саммитінде бекітілуге ұсынылмақ.

Дүйсенбі күні Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Алматыдағы резиденциясында ЕЫХҰ-ның төрағасы әрі Нидерланд королдігінің СІМ Яап де Холл Схефферді қабылдады. Жабық есік жағдайында өткен кездесуге Қазақстан СІМ Қ.Тоқаев ОСК төрайымы Зағипа Балиева да қатысты. Жарты сағатқа жуық болған әңгімеден кейін халықаралық ұйым басшысы журналистер алдында сәл аялдады. Ол әңгіме Қазақстанның экономикалық даму, сайлаулар, елдегі үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ ахуалы төңірегінде өрбігенін айтты. Сондай-ақ адам құқығы мен адам даму мәселелері де назардан тыс қалмапты.

Қазақстан президенті Нидерланд дипломатына елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы саласына Голландиялық инвесторларлың араласқанын қалайтынын білдірген

Осы кездесуден соң Н.Назарбаев Қазақстанға арнайы келген Франция қорғаныс министрі Мишель Алио Мариді қабылдады.
XS
SM
MD
LG