Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Африка елдеріне 5 күндік сапармен аттанды.


Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Африка елдеріне 5 күндік сапармен аттанды. Ол Сенегал, Оңтүстік Африка Республикасы, Ботсвана, Нигерия және Угандада болып қайтады. Вашингтон тағы бір Африкалық ел Либерияға бейбітшілік сақтау жасақтарын атандырмақ. Кеше Либерия президенті Чарльз Тэйлор өзінің Нигерияны паналайтындығы туралы жариялады. Ол Нигерияның Монровий қаласында жексенбі күні өткізген баспасөз маслихатында өз еліндегі жағдайға АҚШ-тың араласуы қажеттігіне тоқталды. " Біздің пікірімізше, Құрама Штатар жағдайға кез келген түрде араласуы тиіс. Біз бұны ұғынамыз, біз бұны қабылдаймыз, және біз Құрама Штатарды шақырып, Либерияда бейбітшілікті орнатуға тікелей ат салысады деген үміттеміз”. Либерияда жаппай шерулер жүріп жатыр, шерушілер АҚШ-ты елдегі үш жылдан бері жүріп жатқан азамат соғысын тыйу үшін әскер жіберуін сұрап, қантөгістерге Тэйлор кінәлі деуде.
XS
SM
MD
LG