Accessibility links

Бағдадта жаңа муниципалдық кеңестің мәжілісі болып өтті.


БАҒДАД: Ирақ астанасында жаңа қалалық кеңестің мәжілісі болып өтті. АҚШ-тың Ирақтағы уақытша әкімшілігінің басшысы Пол Бремер оны – Саддам Хусейін билігін тақтан тайдырған сәттен бергі ең атаулы оқиға деп мәлімдеді. Оның пікірінше, қалалық кеңестің жұмысына атсалысу – азаматтық ерлікке пара-пар әрекет, өйткені тақтан қуылған диктатордың жақтастары жаңа муниципалдық басшылардың өмірлеріне қатер төндіреді. Ирақтың солтүстігінде сан-алуан партиялар мен ұлттық және діни топтардың өкілдері елдегі “өтпелі басқару кеңестерін” құру мәселесін жаппай талдауда. БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі Сержиу Виейра ди Меллоның пікірінше, кеңес - Ирақтағы бүкіл атқарушы билікті өз қолына алуға тиіс.
XS
SM
MD
LG