ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Саддам Хусейіннің таяуда ғана көгілдір экранға шыққан үндеуінің түпнұсқа болуын жоққа шығармайды. Қатар араб елінің “Әл-Джазира” телеарнасы ол үндеуді өткен жұма күні экранға шығарды. Онда Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеин: өзі мен жақын үзеңгілестері Ирақта жүр және елде шетелдік басқыншылыққа қарсы көтеріліске әзірленіп жатырмыз деп мәлімдейді. С.Хусеиннің ол мәлімдемесі таспаға 14-інші маусымда жазылыпты-мыс. Әйтсе де, Орталық барлау басқармасының өкілі ерекше ескерткендей, таспаға жазылған дауыс Саддам Хусеиннің дауысына өте ұқсайды, алайда оның таспаға қашан жазылғанын анықтау тіпті мүмкін емес көрінеді.
АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Саддам Хусейіннің таяуда ғана көгілдір экранға шыққан үндеуінің түпнұсқа болуын жоққа шығармайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?