Accessibility links

Либерияға бітімгершілік күштерін орналастырудан бұрын АҚШ оның қазіргі президенті Ч.Тэйлордың биліктен кетуін талап етуде.


МОНРОВИЯ: Ондаған мың босқынға қажетті қайырымдылық көмектің ауқымын айқындау мақсатында Либерияға АҚШ-тың әскери сарапшылары келіп тоқтады. Олар босқындар лагерінде болмақ және, сарапшылардың жетекшісі хабарлағандай, Батыс Африкадағы осы елдің ішкі саяси ахуалын бағалайтын болады. Либерия халқы АҚШ-ты 3 жылдан аса уақыт жалғасып келе жатқан азамат соғысын тоқтату үшін елге бітімгершілік күштерін орналастыруға шақыруда. Алайда ресми Башингтон одан бұрын Либерияның қазіргі президенті Чарльз Тэйлордың биліктен кетуін талап етіп отыр. Президентке Нигерия мемлекеті саяси баспана беруге дайын. Либерияға келген сапары барысында Нигерия президенті Обасанджо осылай деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG