Accessibility links

8-інші шілде – Мәскеуде Тушинода қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды.


МӘСКЕУ: 8-інші шілде - Мәскеуде Тушинода қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды. Сенбі күні болған жарылыстың салдарынан 15 адам, оның ішінде өзі-өздерін жарып өлтірген екі әйел де бар, мерт болып, 60-ден аса адам жараланды. 38 адам әлі де ауруханада жатса, оның 5-еуі хал үстінде. Мәскеу үкіметінің вице-премьері Галина Карелованың хабарлауынша, Ресей билігі Мәскеу үкіметімен бірлесе отырып жапа шеккендердің барлығына да өтемақы төлейді. Құрбан болғандардың отбасылары 100 мың рубльден, жарақат алғандардың отбасылары – 50 мың рубльден өтемақы алатын болады. Емделуден бас тартқандарға 3 мың рубльден төленеді.
XS
SM
MD
LG