Accessibility links

Түркияның 11 әскерінің Ирақта тұтқындалғаны, АҚШ-Түркия қарым- қатынасына кірбің түсірді.


Өткен аптаның соңында Ирақтың солтүстігінде АҚШ әскерінің ирақтық күрдтердің жетекшісін өлтірмек болды деген күдікпен Түріктің 11 әскерін тұтқындағанынан кейін, тұрақтылық әлі қалыптаспаған аймақтағы Түркия мен Америка қарым қатынасы қиындап кетті. Анкара мен Вашингтон сызат түскен бұл мәселені реттеуге тырысқанымен де, екіжақ толыққанды бір мәмілеге келе алмай отыр.

Ирақ соғысы аяқталғаннан кейінгі Америка - Түркия байланысы енді ғана дұрысталып келе жатқанда , жұма күнгі болған оқиға жағдайды қайта ушықтырды. Америка жасағының 173-ші әуе десанттық бөлімшесіне қарасты әскері, Сулeймания қаласында орналасқан Түріктердің арнайы әскери бөлімшесіне басып кіріп,ондағы 11 түрік әскерімен Ирақтағы түркімен саяси тобының мүшелерін тұтқындаған. Ұсталғандар қатарында Түрік әскерінің полковнигі мен екі майоры болған. Оларды Күрд жетекшісіне қастандық жасамақ болды деген айыппен тұтқындаған, бірақ ол айыптаулар әлі расталған жоқ. Содан соң, 11 әскерді сұраққа алу үшін Бағдадқа әкелген болатын, бірақ Түркиядағы наразылық танытушылардың АҚШ елшілігі алдында Америка туын өртеп жатқан тұсында Анкара мен Вашингтонның қызу жүргізген екі жақты дипломатиялық келіссөздерінен кейін жексенбі күні олар босатылды.

Лондонның біріккен патшалығы қызметтері институтының сарапшысы Стефен Блекуелл - “Бұл кикілжің Ирақ соғысы мәселесінде ымыраға келе алмаған Құрама Штаттар мен Түркияның қарым қатынасына түскен көлеңке, ”- деді.Және ол, НАТО-ның жалғыз мұсылман елдік мүшесі Түркиямен Американың келешектегі байланысында да салмақты сұрақтар туғызбақ дей келе, мұны біз Американ Түркия қарым-қатынасы барысында орын алған жағымсыз оқиғалар тізіміне кірген жаңа сәтсіз жағдай деп айта аламыз деген .



Анкараның ресми өкілдері бұл соқтығыс төңірегіндегі заңсыздыққа шұғыл наразылықпен АҚШ-тың Флорида штатындағы Орталық қол басшылықтағы екі делдал офицерін қайтарып алатындығын білдірді. Сенбі күні, АҚШ вице президенті Дик Чейни мен Түркия премьер министрі Режеп Тайып Ердоғанның телефон арқылы жарты сағат қызу сөйлескенінен соң, Вашингтон мен Анкара тұтқындаулардың себебін анықтайтын жағдайды реттеуге келісті.

Анкараның әскерилері Вашингтондық әріптестерімен әдетте жақын байланыста болған. Алайда Түркия әскерилерінің басшысы Хилми Өзкок дүйсенбі күні, бұл қақтығыс АҚШ пен Түрік әскерінің арасында сенімсіздік дағдарысын туғызады деген. Түріктің тағы бір жоғары генералы Хуршит Толон НАТО-ның бір мүшесі екінші мүшесінің әскерін тұтқындап жатқаны еш түсінік беруді қажет етпейтін жағымсыз әрекет деп атады.

Осы кезеңде Түріктің баспасөз құралдары АҚШ жасақтары террорист деп күдіктелгендер сияқты Түрік әскерінің қолын байлап, оларды тұтқындап отыр деген негізсіз мәліметтерді пайдаланып, қоғамның наразылығына от құя түсті. Осы ахуал жайында Анкарадағы Билкент Университетіндегі сыртқы саясат институтының маманы Сейфи Ташхан Азаттық радиосына берген сұхбатында: “Бұл жағдай ақпарат құралдарының үркіту әрекеті ретінде қаралады, тіпті онда Түркия Ирақ аймағындағы барлық әскерін әкетуі керек деген тұспалдаулар да болды. Сондықтан, бұл АҚШ -Түркия қарым-қатынасына түскен дақ деп есептеймін,”- деген.

Американың ресми өкілдері баспасөзге бағыттамай айтқандарында, Түрік әскерінің АҚШ бекіткен Ирақтың солтүстік мұнайлы қаласы Киркөктің күрд әкімін өлтірмек жоспарларына орай, АҚШ әскері саналы әрекет етті деген. Түрік ресми өкілдері 1990 жылы Ирақтың солтүстігіндегі күрд партизандарынның соңына түсу үшін ол аймаққа өзінің аздаған әскерін жіберген. Дегенмен, түрік жағы бұл айыптауларды жоққа шығарды.



АҚШ қорғаныс департаментінің атын атамаған бір өкілінің “Нью-Йорк Таймс ” басылымына берген сұхбатында айтылғандай, Америка әскері Сулейманиядағы түрік әскерінің бөлімшесіне басып кіргенде, олар онда түрік әскерлерінің бар екенін білген жоқ. Бірақ, департаменттің ресми өкілі Америка әскерінің ол жерден кімді іздегендерін де айтпаған.

Ал, тағы бір мәлімет бойынша, АҚШ пен Түркия арасындағы қақтығыстың бірі - Анкара әскери оқыту желеуімен Ирақтағы түркімендерге қару жарақ жеткізіп тұрды деген тұрғыда. Ирақ күрдтері жетекшісінің айтуынша, Түркия этникалық түркімен топтарының жергілікті күрдтер жетекшілігіне қарсы әрекет еткенін қалайды. Жұма күні 11 түрік әскерімен қоса АҚШ әскері тағы 13 адамды тұтқындаған болатын. Америка әскерлері олардың кім екенін әлі толық хабарлаған жоқ, бәлкім олар Ирақтағы түрікмендер болуы да мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG