Онда мамандар, экология саласында жұмыс жасайтын халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына наразылық білдірді. Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізовтың айтуынша, көптеген үкіметтік емес ұйымдар экологияны сауықтыру үшін көптеген ақша алғаны мен олардың жұмыстарының нәтижесі жоқ.
Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов:
- Табиғат пен шұғылданатын адамдар таза болу керек. Ақшаның барлығын ұрлап жатыр. Біз соны айтамыз, деп келдік.
Экологиялық мәселелерді шешеміз, деп миллиондаған ақша алып, соңында нәтиже шығыра алмаған үкіметтік емес ұйымдардың біріне Мэлс Елеусізов Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықты жатқызды. Мэлс Елеусізов бұл орталық ақша алғанымен, жұмыс жасамайтынын бұрыннан білген, бірақ орталық біраз күш жинаған соң ретке келетін шығар деп үміттенгенін айтты.

- Ақша алғаннан кейін оны пайдалы жұмыстарға нақты жұмсау керек. Мен өз кінәмді мойндап отырмын, ертерек айту керек еді бұл мәселе жөнінде.
Осы мәсесеге байланысты біз Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың жетекшісі Болат Есекин мен хабарластық, алайда экологиялық орталықтың хатшысы, Болат Есекин мырза телеарна тілшілеріне сұхбат беріп жатыр, дегенді айтты. Сол себептен біздің сұрақтарымызға орталықтың ақпарат бөлімінің қызметкері Александр Николаенко жауап берді.
Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың ақпарат қызметінің маманы Александр Николаенко:
- Аймақтық экологиялық орталықтың жұмыс жасап жатқанына екі жылдай болып қалды. Екіншіден, біздің өзіміздің демеушілеріміз бар, біздің демеушілеріміздің қатарында Орталық Азия мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері және Еврокомиссия өкілдері бар. Оларға біз жылына 3 рет есеп береміз, күні бүгінге дейін біз жабылып қалмай жұмыс жасап жатырмыз, яғни біздің жұмысымызға демеушілер риза.
Эколог маман,Қазақ ұлттық университетінің экология кафедрасының менгерушісі Достай Жақып, Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталық бар мәселені біз шешеміз , деп бар күшті өзіне алып алғанын айтып өкінді.
Қазақ ұлттық университетінің экология кафедрасының менгерушісі Достай Жақып:
- Істеп жатқан жұмыстардың барлығын бір қолға жинауға болмайды ғой. Мен Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықта жұмыс жасап көрген болатынмын. Олар, біздің жұмысымызды Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қолдап отыр, деп бізді тек кейбір жұмыстар ғана шақырмақ болды. Соңынан маған телефон шалып,200 доллар беремін, бір зерттеуді жасап бер, деді, әрине, маман болған соң менде барлық ақпарат бар, мен бір түнде бір зерттеу жасап беремін, бірақ олай жасауға болмайды.
Қазақстанның География институтының жетекшісі Медеу Ахметқалдың пікірінше, мүндай былықты көптеген үкіметтің емес ұйымдар дан байқауға болады.
Қазақстанның География институтының жетекшісі Медеу Ахметқал:
- Жалпы, бізде ақша алып, ақшаны тиымды жұмсамайтын үкіметтік емес ұйымдар айтарлықтай көп. Егер, олар жасаған жұмыстарының тиімділігін көрсетсе, онда Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың қатесі болмайтын шығар.
Мүндай мәлімдеме жасау үшін нақты дәлел керек дейді,Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың бұрыңғы ұйлестірушісі, қазіргі кезде «Экология институты» үкіметтік емес ұйымның директоры Құралай Кәрібаева
Бұл мәселеде кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін Қазақстанның прокуратурасы анықтайды. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар прокуратураға арнайы хат жазып улгерген.