Accessibility links

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің арнайы жұмыс тобы отырысы


Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің арнайы жұмыс тобының отырысы өз жұмысын жалғастырды

Шілденің 7 -сі күні Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің арнайы жұмыс тобының отырысы шілденің 8 -і күні өз жұмысын одан әрі жалғастырды.

Алматы бас қосуына қатысушылар осы жолы Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің сенім шаралары катологы, ұйым тәртібі мен Хатшылық ережесінің жобасын дайындаулары тиісті. Шілденің 8 і күнгі отырыста қандай мәселелер талқылынып, сөз болғандығы туралы Иран Ислам Республикасының өкілдер тобының жетекшісі Хамид Баидж Нежад радиомызға былай деді:

- Бүгін біз Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларының катологындағы ең бір қиын да күрделі мәселе өзара әскери –саяси, экономикалық, экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін талқыладық, ертеңге дейін осы мәселелер бойынша жобаларды дайын етпекпіз.

Ал кеңестің жұмыс тобының отырысына қатысушы Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дамдинжавын Дашням радиомызға өз пікірін былайша білдірді :

- Азияда өзара сенім және ықпалдастық шараларын болдыру жөнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша өтіп жатқан бұл жиындар мен шаралардың маңызы зор болмақ. Біз кешеден бері сенім шараларын күшейтуге бағытталған катологты талқылап, әр елдің өкілдері өз пікірлерін ортаға салып, бір келісімге келуге жақын қалдық.

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске Азия құрлығында орналасқан 16 мемлекет, атап айтсақ Ауғанстан, Әзербайжан, Мысыр, Үндістан, Израиль,Иран, Қазақстан, Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елдері кіріп отыр.
XS
SM
MD
LG