Accessibility links

ЕО-ң сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана одақтағы Италияның желтоқсан айына дейін жалғасатын президенттігі жемісті болатындығына өзінің сенімділігін айтқан.


Дегенмен де, ол Италияның сыртқы істер министрі Франко Фраттинимен әгімелесулер барысында, келесі алты айдың Одақтың сыртқы саясат саласында оңай болмайтынын, оның дағдарысты болатындығын атап көрсеткен. Брюсселде Европа парламентінің өкілі Давид Харлей Италияның премер-министрі Сильвио Берлускони өзінің парламенттегі сөзінде Германия өкілін концлагердің күзетшісімен салыстырғаны үшін, парламент президенті Пат Кок алдында кешірім сұрады деп айтқан. - Берлускони өткен аптаның сәрсенбісінде парламенттегі қызу пікірталастар кезінде айтылған кейбір сөздері үшін кешірім сұрады. Берлускони мүмкін менің кейбір айтқандарым дұрыс ұғылмаған болар, қалай болғанда да мен ешкімді де әдейілеп қорлағым келген жоқ деп айтты,- дейді Харлей. Берлускони сондай ақ, Европа парламентін Европа одағының заңдылық орны деп құрметтейтіндігін де айтқан.
XS
SM
MD
LG