Accessibility links

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай кеше көше шерулеріне шыққандардың Қабулдағы Пәкістан елшілгіне шабуыл жасағандарын айыптаған.


Ол Пәкістан президенті Первез Мүшаррафтан бұл әрекеттер үшін жеке өз басы кешірім сұрайтынын мәлімдеген. Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі Исламабадқа бұзылып-талқандалған ғимараттың өтемі төленетіндігі және келешекте елшіліктің қауіпсіздігі ұлғайтылатыны жөнінде айтқан. Пәкістан жасақтары Ауғанстанға басып кіреді деген болжамдарға байланысты қарсылық акциясына жиналғандар елшілік үйіне шабуылдаған болатын. Пәкістан мұндай болжамдарды жоққа шығарады, бірақ та екі елдің де аскерлері шекара маңында бір-біріне қарсы атыстарға барып қалған. Пәкістанның елшісі Рустам Шах Мохманд шығынның орны толтырылып, Қарзай кешірім сұрағанға дейін елшілік жабық тұрады деп жариялаған. -Мен мұндағы біздің қызметімізді тоқтатып қойдым. Біріншіден, Ауған үкіметі өтемақы төлемейтін болса, екіншіден, Ауған үкіметі кешірім сұрамайтын болса жане болашақта қауіпсіздік кепілдігін бермейтін болса, елшілік қайта ашылмайтын болады, - деген ол. Пәкістан елшісі сондай-ақ бұл наразылықтарды Қарзайдың Ауғанстанның ішкі істеріне сырттан араласушылар бар деген сөзі тудырды деп мәлімдеп, Мұшаррафтан Ауған үкіметін сынауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG