Accessibility links

АҚШ-та 57 жасар генерал Томми Фрэнкс зейнетке шықты


Генерал Томми Фрэнкс Ауғаныстан мен Ирақтағы соғыс кезінде Американың әскери басшылығында болған.

Осы аптада ол қызметтен зейнетке шығар алдында әскери есеп беріп, оған көптеген марапаттаулар айтылды. Шілденің 7-і күнгі салтанатты жиында сөз алған, АҚШ қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд, Фрэнксті “Әскердің -әскері” - деп атап , ол елдегі жақсы жетекшілердің бірі болды деді. Бір түсініксіз жәйт, неге 57 жасар Томми Фрэнкс АҚШ армиясындағы жоғарғы бір лауазымды қарастырмай зейнетке шығып отыр?

Американдық генерал Томми Фрэнкс өзінің қазіргі ең мерейлі кезінде әскери басшылықтан демалысқа кетіп отыр. 2000 жылдың шілдесінен бастап, АҚШ-тың орталық қолбасшылығының басшысы болып, 25 елді қамтитын Таяу шығыс пен Оңтүстік-батыс Азия аймағындағы Американың әскери жасақтарына басшылық еткен ол, Флорида штаты Тампадағы Орталық қолбасшылық штабында болған салтанатты жиында Ауғаныстан мен Ирақтағы соғыс кезінде жеткен жетістіктері үшін, әскери лидер және жаңа жүйелерді енгізу әрі дамыту жөніндегі жобалардың иесі ретінде өте көп мадақтауларға ие болды. Тампадағы Орталық қолбасшылықта өткен зейнеткерлікке шығарып салу жиынында сөз алған Томми Фрэнкс өзінің әскерімен қоштасып, АҚШ бастаған террорға қарсы соғыста аянбай күрескендері үшін оларға алғысын айтты.

- Бірыңғай киімдегі ерлер мен әйелдер, біз Сіздердің әлемдегі Ауғаныстан мен Ирақтағы қызметтеріңізді мақтан тұтамыз. Шынымен де, біз алдағы мақсатымызға жету үшін алға қарай жүре береміз. Патриоттар мен әскерлер жандарын пида етуге барады. Және бүгінгідей біз әрқашан оларға қарыздар боламыз, - деді өз сөзін аяқтай келе Томи Фрэнкс .

Сөйтіп , 57 жасар Томми Фрэнкс қолбасшылықты өзінің өкілі Ливаннан шыққан, Таяу шығыс бойынша маман әрі араб тілінде сөйлейтін , генерал Джон Абизайдқа тапсырды.Демалысқа шығып бара жатқан генерал өзінің орнынан кеткен соң не істейтіні жайында ештеңе айтпады.Бірақ , ол көпке айтқан сөзінде , ендігі көп уақытымды тек отбасымен өткіземін деген.

Фрэнксті “Әскердің әскері ” деп атаған АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд , өз әскери жасағының қошеметіне бөленген және өзін құрмет тұтқыза алатын мінез-қылықтары бар Томми Фрэнкс -батыр, адал және айтқанынан қайтпайтын адам деп мақтады. Және Дональд Рамсфельд қоштасу салтанатында Томми Фрэнкс армияның ең қабілетті жетекшілерінің бірі деді.

- Күн сайын біздің әскерлеріміз ,жас әйелдер мен ерлер өздерінің өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жер шарының әр тұсында бізді қорғау үшін өз еркілерімен тәуекелдікке баруда .Олар біздің елдің ең жақсы жетекшілігіне лайық . Олар генерал Томи Фрэнкстің мықты жетекшілігінде және оның тамаша тобында болды, енді олар генерал Джон Абизайдттың да қоластында жақсы болады.

Дегенмен, 36 жыл өмірін әскери формада өткізген Фрэнкс сияқты адамның зейнетке кетуі түсініксіз күйде қалып отыр. Неге ол өзінің жоғарғы әскери мансабынан кетуге шешім қабылдағанша, АҚШ армиясын басқаратын жоғарғы қызметті қарастырмады? Фрэнкс алғаш рет өзінің зейнеткерлікке кететіні жөнінде мамыр айында хабарлаған болатын. Оның әріптестерінің ақпарат өкілдеріне бейресми түрде айтқандарындай , генерал Томми Фрэнкс өзінің саяси билік үшін күресуге тартымсыздығын жасырмайды және Вашингтонның ресми өмір ахуалында болып тұратын шиеленістерге барғысы келмейді. Фрэнкс зейнеткерлікке шыққанда, Рамсфельд әкімшілігіндегі және жалпы әскерилер ортасындағы қатаң тәртіптегі қарым-қатынастан ,яғни Пентагоннан сырт кетеді. Ираққа соғыс басталар кезде, АҚШ-тың қорғаныс хатшысы көптеген генералдардың қарсылығына қарамастан, әскерилер жасағын азғана етіп оның орнына қарсылас күштерді басып тастайтын жоғарғы технология құруға тырысқан болатын. Ондағы мәселе -Ирақ соғысына дайындық барысында Бағдадқа қанша әскер жіберу керек деген жағдай болды. Хабарларға қарағанда, Рамсфельд , Фрэнкстің бастапқы соғыс жоспарын бірнеше рет қайтарып жіберіп, оған тартылған әскерлер санын қысқартуды талап еткен .Құрама Штаттардағы күнделікті шығатын “The Globe” басылымында жазылғандай, алғашқыда Фрэнкс 250 000 әскер сұрағанда, Рамсфельд 100 000 әскерден аспағанын дұрыс көрген. Соңында, Фрэнкс пен Рамсфельд ортақ стратегияның талаптарына сай келетін бір жоспар аясындағы мәмілеге келген. Одан соң , тез арада ол жоспарға сәйкес әуе күштері іске кірісіп , 150 000 – ға таяу әскермен шабуыл басталып, Бағдад үш аптаның ішінде алынды. Содан бері ,баспасөз беттерінде Рамсфельд пен әскери генералдар өздерінің қарама-қайшы ұстанымдарына көмектесті деп айтылуда. Стратегиялық тұрғыдағы осындай пікірқайшылықтарға қарамастан, Фрэнкс Рамсфельдпен өте жақсы жұмыс істеді. Томми Фрэнкс өзінің зейнеткерлікке кететіні жөніндегі шешімін бірінші рет Рамсфельдке айтқанда, АҚШ қорғаныс хатшысы оның Америка әскерін құрудағы еңбегін жоғары бағалап, өзінің жеке ризашылығын білдірді.

- Ирақ бостандығы операциясында жұмыс атқарған топ бірлесіп біздің әскерлеріміздің алдағы көптеген жылдарға созылатын болашақта қалай жаттығып және қалай соғысу керек екенін көрсеткен жолдарды аша алды.Сондықтан, генерал Фрэнкс қызметінен кетсе де ,оның Американың әскери күшіне қосқан еңбегі алдағы онжылдықтарда да білініп тұрады .

Сонымен, генерал Томми Фрэнкс әскери саладағы өзінің ұзақ жылдардағы карьерасынан кейін , армиядан кетіп отыр. Оклахома штатында дүниеге келген ол - 1965 жылы әскери салаға келген. Артиллерия оффицері болып екі жыл жұмыс істеген соң, Томми Фрэнкс өзін Вьетнамдағы соғыста танытады. Ол жерде ол 3 рет жараланады. Кейінірек, академиялық екі дәреже алған соң ,оның лауызымы тез өседі.Сөйтіп ол қатардағы офицерден Орталық қолбасшылықты басқару үшін ең жоғарғы шенде дейін өскен.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG