Accessibility links

Бүгін Ирақтың Әл-Фаллужа кентінде американ қосындары гранатометтерден атқыланды.


Запа шекендер туралы мәлімет жоқ. Көкектің соңында АҚШ қосындары шерушілерге оқ атып 16 жергілікті тұрғын өлтірілгеннен соң, Әл-Фаллужада күрделі жағдай сақталып тұр. Бүгін Қатардың "Әл Жәзира" телеарнасы Бағдаттан батыста жатқан Рамади шахарында американдық қосындарға шабуыл жасалғандығы туралы хабарлады. Американдық әскери басшылық бұл хабарды әзірше растамай отыр. Ирақтағы уақытша американ-британ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер Саддам Хусейіннің жақтастарын әскерилерге шабуыл жасауларда айыптады.
XS
SM
MD
LG