Accessibility links

Бүгін Йордан дариясының батыс жағалауында Израиль қосындары бір палестиндікті атып тастады.


Дүйсенбі күні "Ислам Джихады " қарулы тобы Израильмен арадағы татулық сақтау келісімін бұзып Квар Явец еврей ауылының тұрғынын өлтірді. Палестин автономиясының бас министірі Махмут Аббас "Фатх" қозғалысындағы Ясир Арафаттың орынбасары қызметінен бас тартып, бас министрлікті тастайтындығын айтып ескертуде. Бұл туралы ол Йордан дариясының батысындағы Рамалла қаласында Рейтер агентігінің тілшісіне ол өз шешімін былайша жеткізді:

" Ішкі түсініспестіктер Фатхтың Орталық идарасынан кетуге себепші болды."

"Фатх" қозғалысында көпшілік Аббастың Израильмен келіссөздер жүргізу тәсіліне риза емес, олардың пікірінше ол көптеген жеңілдіктерге баруда. Кей мәліметтер бойынша "Фатх" басшылығы Аббастың Арафаттың орынбасары қызметінен кетуге руқсат бермей отыр.
XS
SM
MD
LG