Кешегі Кабулдегі бейбастықтар үшін Ауған жетекшісі Хамит Қарзай телефон арқылы Пәкістан президенті Пәруәз Мүшәрәфтан кешірім сұрады. Жүздеген ауғандықтар Кабул көшелерінде – "Пәкістан мен оның елбасы Мүшәрәфқа өлім", - деп ұрандатып, соңыра Пәкістан елшілігі ғимаратының терезелерін шақты. Бұл бейберекеттер Пәкістан әскери бөлімшелері Ауғаныстан жеріне келіп кірді деген қауесеттің таралуынан соң келіп шықты. Исламабад болса бұл мәлімдемені теріске шығаруда.