Accessibility links

АҚШ-ң қоғаныс министрі Доналд Рамсфелд Вашингтон Ирақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бейбіт күштер қатарында Франция мен Германияның және басқа да елдердің жасақтары болғанын қуана құптап қарсы алады деп айтқан.


АҚШ бастаған Ирақ соғысына қарсы болған Франция мен Германия егер БҰҰ-ң қауіпсіздік кеңесінің арнайы шешімімен өкілеттік берілмесе, Ираққа қандай да бір күш кіргізуден бас тартқан болатын. Буш әкімшілігі Ирақтағы БҰҰ-ң басты ролі туралы идеяны қабылдамады. Әзірге АҚШ 9,200 әскерден тұратын көпұлтты жасақты құрай алды, оны Польша бастайтын болады. Англия да 10 мыңдай жасақ дайындаған. Рамсфелд Сенат комиссиясы алдында Ирақтағы аракідік болып тұратын бақытсыз жайларға қарамастан, мұнда тұрақтылық қалыптасып келеді деп айтқан. - Коалиция күштеріне кез келген уақытта Саддам режимінің жақтастары Баас партиясының шабуылдар жасайтындығына қарап, мұндай жайттер мұнда кең таралған деп ойлап қалуға болады. Бірақ та бұлар бірді-екілі жайлар. Ирақтың көптеген бөліктерінде тұрақтылық қалыптасқан, - деген Доналд Рамсфелд. Ирақта АҚШ-ң 150 мың солдаты болса, оған жақын жатқан елдерде тағы да 100 мыңы бар.
XS
SM
MD
LG