Accessibility links

Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің басшысы Мохамед Әл-Барадей келесі аптада Теғранға атом агенттігінің сарапшылар тобын жіберу жөнінде келіскен.


Ол кеше Теғранда БҰҰ-ң ядролық қару бақылаушылар Иранмен оның ядролық бағдарламасы туралы елдің жоғары жетекшілерімен бұдан былай қарай да келіссөздер өткізілуін талап етеді деген. Кеше ертемен Иранның сыртқы істер министрі Камал Харразимен кездесуден соң, Әл-Барадей бұл келіссөздерде аталған мәселе бойынша қомақты бір табыстарға қол жеткен жоқ деп атап көрсеткен. - Мен министр Харразимен Иран мен агенттік арасындағы ынтымақтастықты қайткен күнде тура бағытта жүргізуге болатындығы турасында өте сындарлы және ашық әңгімелестім. Біз алда тұрған мәселелерді шешу үшін екі жағымыздың да талпынуымыз қажет екенін ұқтық, - деген болатын атом агенттігінің басшысы. Харрази да Иран Халықаралық атом агенттімен бірлесіп жұмыс істеуге тырысады, сондай-ақ Иранның БҰҰ-нан жасырып-жабатындай ешнәрсесі жоқ екендігіне көзін жеткізуден үмітті деген. Бұдан бұрын да айтқанымыздай, Теғран қосымша хаттамаларға қол қоюға әзір, егер ядролық материалдардың Иранға экспортталуына салынған шектеулер алынатын болса деген болатын.
XS
SM
MD
LG