Accessibility links

АҚШ Батыс Африка елдеріне өзінің әскери мамандарын атандырды.


АҚШ 14 жылдан бері Либерияда жүріп жатқан азамат соғысын тоқтату үшін Батыс Африка елдеріне өзінің әскери мамандарын атандырды. Кеше Мозамбикте БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанмен кездесу кезінде Батыс Африка елдерінің басшылары екі апта ішінде Либерияға бірінші бейбітшілік сақтау мың сан қосыны келетіндігі туралы ортақ шешім қабылдады. Мапутуда сөйлеген сөзінде Кофи Аннан былайша тоқталды:

"Батыс африкалық аймақтық ұйым, ЭКОУАЗ бірден шешім қабылдап отыр, оған Африкан Одағы толық қолдау көрсетуде, менің ойымша, біз Африка құрлығының өзге бөліктерінен келген күштер Либерияда тыныштық орнауы үшін қажырлы әрекет жасауының куәсі болатындығымызға мен сенімдімін."

Либерия астанасында АҚШ-тың өз бейбітшілік орнату жасақтарын жіберуін сұраған шерулер жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG