Accessibility links

Қырғызстан президентінің заңға тартылмауын қамтамасыз ететін жаңа заң


Қырғызстан елбасы Асқар Ақаев зейнеткерлікке шыққанда оның биліктегі қызметіне байланысты заңға тартылмауын қамтамасыз етіп, иммунитетін күшейтуге кепілдік болатын жаңа заң Қырғызстан қоғамында айтыс-тартысқа түсуде. Бұл заң Қырғызстанның келешектегі саяси өміріне қалай әсер етуі мүмкін?

Қырғыстан елбасы Асқар Ақаев зейнетке шығуды жоспарлаған кезде оның биліктегі қызметіне байланысты заңға тартылмауын қамтамасыз етіп, иммунитетін күшейтуге кепілдік болатын жаңа заң қоғамда айтыс-тартысқа түсуде. Бұл заңның өтіп кетуі саяси оппозицияның наразылығын тудырды. Қырғыз парламентінің 26-шы маусымда қабылдаған бұл заңы елді совет одағы тұсында басқарған бұрынғы коммунист жетекшілер- Абсамат Масалиев пен Турдақун Усубалиевке және қазіргі президент Асқар Ақаевқа өмірлік иммунитетке кепілдік береді. Және бұл заң жетекшілердің жұмыс орнындағы сияқты барлық әректерінде қамтиды. Асқар Ақаевқа ұлттық қауіпсіздік кеңесінен орын беріліп өмірлік басымдылықтың бәрі жасалады. Қазіргі президентік жалақысының 80 проценті төленіп, аутокөлігі мен жүргізушісі де өзінде қалады. Сонымен қоса, ол бүгінгі Бішкектегі және Ыстықкөлдегі ресми мекен жайында тұрақтап қалу құқысын сақтап қалады. Оларға қоса оның отбасы мүшелеріне мемлекет стипендия төлеп, оларды медициналық сақтандыру қамтамасыз етіледі.

Сарапшылардың пікірінше, парламент бұл заңды Асқар Ақаевты президенттік мерзімі аяқталғанда кетуге ынталандыру үшін, қорғалған стратегиядан шығу жолын жасау мақсатында қабылдады. Президент Ақаев келесі президенттік сайлауға түспеуге уәде берді, дегенмен Ақаевтың 2005-ші жылғы сайлауға қатыспаймын деген сөзіне елдегі біраз саясаткерлер күмән тудырып отыр.

Мұның бәрі Ақаевқа оның саяси қарсыластарымен дауласатын жағдайда жеңіл болуы үшін жасалуда.

Осыдан бір жыл бұрынғы болған Ақсы көтерілісі кезінде Ақаев билігіне қауіп төнген еді. Бірақ, ақпан айында өткен референдумнан соң, оның биліктегі ұлықтылығы қайта қалпына келе бастады.

Президенттік иммунитеті бар бұл заң түрлі оппозициялық ұйымдар арасында алауыздық тудырып отыр. Бір оппозициялық лидерлер бұл заңның беріп отырған шексіз мүмкіндіктерін сынаса, ендігі біреулері мұны Ақаевтың орнынан тезірек кетуіне жағдай жасайды деп қолдап отыр.

Барлық депутаттар Ақаевтың орнынан өз еркімен кетуіне мүмкіндік беру үшін, бұл заңға бірауыздан дауыс берді дейді - Заңшығарушы әрі Халық үшін реформа деп аталатын және Асқар Ақаевтың орнынан кетуін қолдаған қозғалыстың мүшесі Бектұр Асанов.

Ал, президентті қатал сынап жүргендердің бірі - Рамазан Дырылдаев, президент енді заңға тартылмай зейнеткерлікте рахаттанып өмір сүрмек пе деп ашуланды. Ол өзінің 8-ші шілдедегі комментариінде бұл заң қоғамдағы ең жаман теңсіздікті заңдастырмақ деді. Дырылдаевтың пікірінше, Ақаев бұл заңды өз болашағынан қауіптеніп жасап отыр.

Сондай-ақ, коррупцияға қарсы азаматтық қоғамның президенті Төлехан Исмаилова мұндай заң міндетті түрде қоғамның қарауынан және баспасөз бетіндегі талқылаулардан өтуі керек деп есептейді. Осы заңның асығыс және құпия түрде қабылдануы тоталитарлық режимнің механизмі қолданылғанын көрсетіп отыр деді Исмаилова.

Дырылдаев сияқты Исмаилова да Қырғызстанның шетелдіктер алдындағы бүгінгі қарызы мен елдегі жұмыссыздық мәселесі өршіп тұрған кезде президенттің зейнеткерлігін қаржылай қамтамасыз ету барып тұрған жауапсыздық деп біледі.

Бақылаушылардың бір тарабы, бұл жаңа заң Қырғызстанның ішкі саяси өміріне әсер етуі мүмкін десе, екінші жағы президенттің иммунитетіне кепілдік оның орнынан кетуін тіпті 2003 жылы-ақ тездетіп, оның орнына 2005 жылы кім келуі мүмкін деген сонымен қатар, Ақаев тағы сайлауға түсіп халықаралық сын пікірлерге ұшыраудан жасқанады деген түрлі жорамалдар айтылуда. Егер Ақаев президенттік мерзімін тағы созуға әрекет етсе, онда оған халықаралық және жергілікті қысым күшеймек, - дейді Оштағы сарапшылар.

Шілденің 9 күні Қырғызстанға ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Схеппер мырза келгенде түрлі құқық қорғаушы ұйымдар наразылық акциясын өткізді. Олар Халықаралық ұйымның İшкі істер министрлігіне ұсынған жобасына орай, ЕҚЫҰ-нан қырғыз полициясын шерушілерге қарсы қару-жарақпен қаматамасыз етіп қаржалындыруын тоқтатуын талап етті.

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Дат елінің сыртқы істер министрі Схеппер мырза Бішкекте президент Ақаевпен, вице-премьер Жомарт Оторбаевпен кездесіп, одан соң ол баспасөз мәслихатын өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG