Accessibility links

Ресейдің салық орындары кеше "Сибирмұнай" компаниясының қаржылық құжаттарын тәркілеп, соған байланысты тексерулерді бастаған.


Бұл жаңалық Ресейдің басты мұнай өндіруші "Юкос" компаниясындағы басты акционер Менатеп Банкінің жетекшісі ұсталған соң бір аптадан кейін орын алды. "Юкостың" басшысы Михаил Ходорковский Менатеп ісіне байланысты прокуратураға шақырылған. Ходорковский кеше Ресейдің НТВ телеарнасына берген интервьінде Платон Лебедевтің тұтқындалуы "Юкос" пен "Сибирмұнайды" қосу әрекетін тоқтата алмайды деген. Бұл аталған екі компанияның біріктірілуі -әлемдегі ең үлкен төртінші мұнай компаниясын дүниеге келтіретін болады деген болжам бар. Ресей кәсіпкерлері мен өндірісшілерінің қауымдастығы президент Вл. Путинге басты мұнай компанияларына қысым көрсетілуі- елдің инвестициялық ахуалының әлсіреуіне соқтырады деген хат жолдаған.
XS
SM
MD
LG