Accessibility links

Ресей Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы үшін қолдан қажеттіліктің бәрін жасайды, - деп мәлімдеді Ресей қорғаныс істер министрі.


Бүгін Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов пен Ауғанстанның әскери мекемесінің басшысы Мұхаммед Фахимнің келіссөздері кезінде, Сергей Иванов - “Ауғанстанда бейбітшілік пен тыныштық орнауы үшін Ресей барлық қажеттілікті жасайды” - деп мәлімдеді. Ауған министрі Мұхаммед Фахим Ресей басшылығының ауған елінің ішкі жағдайын реттеудегі көп мәселелерге ат салысып жатқанына алғысын білдірді. Ресей мен Ауғаныстан арасындағы қол қойылған келісімдерге сәйкес, әскери және әскери-техникалық саладағы байланыстар орындалып жатыр, - деді екі тарaптың министрлері. Осы келіссөздерде басты назарды -екі елдің әскери-техникалық ынтымықтастық жағдайына сондай-ақ, Таяу Шығыстағы ахуалға аудару жоспарланған.
XS
SM
MD
LG