Ирақ соғысына жол ашқан президент Джордж Буштың қаңтар айындағы баяндамасында кейбір қате мәлімет болды деген жорамалды АҚШ басшысы жоққа шығарды. Джордж Буш бұл мәлімдемесін Угандағы сапарында жұма күні айтты.
- Америка халқына айтқан үндеуімдегі мәліметтерді барлау мекемелері қолдаған. Ол сөзімде мен Саддам Хұсейннің билігінен төнген қауіпті жан -жақты баяндадым. Біздің үкімет қауіпке қарсы дәл шара қолданды. Нәтижесінде әлем бойынша қауіпсіздік және бейбітшілік нығая түсті дейді Джордж Буш.