Өткен тәулікте АҚШ-тың Ирақтағы сарбаздарына тағы шабуыл жасалды. Рамади қаласындағы әскери база миналармен атқыланды. Соңғы тоғыз күнде бұл жағдай оныншы рет орын алды. Американдық сарбаздар тойтарыс берді, бұған тікұшақ пен танктер пайдаланылды. Ирақ соғысы аяқталғалы бері танк оғы бірінше рет атылды. Шабуылшыларға қаншалықты зиян тигені әзірше анық емес.
Осы сарындағы оқиға Фәллуджа қаласында болды. АҚШ әскері Фәллуджадағы полиция бекетін босатып, тәртіп сақтау қызметін Ирақ полициясына тапсырды. Қаупі жоғары мекендерде АҚШ әскері әлі де болса қала беретіні мәлімденді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV