Accessibility links

Иран егіздері бүгін жерленеді


Иран егіздері бүгін жерленеді

Иранның сиам егіздері, сәтсіз операциядан апта басында қайтыс болған 29-жасар Ладан мен Ляли Биджәни апалы-сіңілілер бүгін туған қаласы Лохрасбте жерленеді. Әлем назарын өздеріне аударған бұл егіздердің бас сүйектері туа біткеннен қосылған. Олар аса ауыр операция арқылы бас сүйектерін ажыратуға тәукел еткен еді. Алайда, бұл мүмкін болмады. Қыздардың әкесі Дадолла Биджәни қоштасуға келген халық өте көп болғандықтан, жерлеу рәсімі кейінге, яки бүгінге қалдырылды деп түсіндірді.
XS
SM
MD
LG