Accessibility links

Буштың Африкаға бес күндік сапарынан соң сауалдар көбейіп отыр.


Вашингтонның көптеген жылғы немғұрайлы қараушылығынан кейін, АҚШ елбасы Джордж Буш Африкаға бес күндік сапар жасап қайтты. Африкаға АҚШ-тың сыртқы саясатында не себептен соншама мән мағына беріліп отыр, осының сыры не?

АҚШ елбасы Джордж Буш Африкаға бес күндік сапарын жасап қайтты. Жұма күні Уганданың Энтеббе қаласында жасаған мәлімдемесінде Джордж Буш былай деді:

" Африканың СПИД-пен күресуге ниеті бар, бірақ бұған қаржыда қажет. Бұл Африка халқына менің елімнің тартуы және, yгандалықтар, сіздер өз күрестеріңізде жалғыз емессіздер. Америка әрекет етпек. Келесі бесжылдықта менің елім, арнаулы орталығы Африка құрлығында болатын күллі әлемдегі СПИД-пен күрес үшін 15 миллиард доллардың қаржысын жұмсамақ."

Африкаға сапар барысында Буш, Сенегалда, Оңтүстік Африка Республикасында, Ботсванада, Угандада және Нигерияда болып, екі елге соқпай кетті. Батыс Африкадағы мемлекеттілігі шытынап тұрған Либерияға байланысты ол, бұнда бейбітшілікті сақтау үшін АҚШ тарапынан берілетін әскери қолдауға нақты тоқталмады. Бұл турасында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Преториде бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде:

" Елбасы кез келген қолдау көрсету туралы нақты шешім қабылдыған жоқ, немесе ткілей қарулы қолдың қатысуы жайлы шешім қабылданбады, және мен бірнеше күнен соң біз Монровийдегі қалыптасқан жағдай туралы ЭКОУАЗ Батыс Aфрика мемлекеттеріннің экономикалық серіктестігімен етене жұмыс жасап жатқан әскерилердің берген бағасынан кейін апта соңына таман елбасы шешім қабылдауға мүмкіндігі болады."

Нигерге Буштың ат басын тіремеуіне себеп, қазір барлау орындары ұятты болған хабарды жариялап ол, Саддам Хусейн нақ сол елден уран түтікшелерін алды деген болатын.

"Камералар Африкада жалт-жұлт жарқырайды-ақ, Ақ үй Вашингтондағы қорларды тықырлатады",-дейді ДАТА-ның атқарушы басшысы Джейми Друммонд.

Бірақ Буш әкімшілігінің өкілдері "төрт жылдық бағдарламаны қаржыландыруғы әрекет ететіндіктеріне" тоқталды. Сынаушылардың айтуынша, Буштың бұл жоғарғықарқынды пиар сапары сөз саптауында аса көтеріңкі болғанымен де, іс жүзінде оның шамасы төмен. Олар Вашингтон өзінің Ирақ соғысы барысында нашарлап кеткен қарым-қатынастарын қалпына келтіріп, әрі әсіресе Нигерияның жаңадан ашылған мұнай орындарына аш көзділігін жасырыу әрекеті деуде.

Сыни пікір білдірушілер сондай-ақ, aфрикалықтарға көмек қолын созудан гөрі, Буштың келесі жылғы өтетін елбасы сайлауларында этникалық азшылықтарды өз жағына тарту мақсатында бұрын құлдарды жинау орны болған, Сенегалдың Гори аралына сапарының маңызы жоғарырақ деуде.

Осы аптада жарық көрген Бушқа арнау хатында бірлескен aфрикалықтар кәсіподақтар тобы, бұл сапар сайлаулар алдында Республикандықтарға афро-американдықтардың қолдауы мен ілтипатын артыра түседі деді. Буштың сапары "құрлықтағы сенімді артыруға және АҚШ-тың Африка саясатына көп өзгеріс әкеле қойған жоқ",-дейді сыни көз қарастағы топ.

Мемілекеттік хатшы Колин Пауелл Бушқа байланысты айтылған сынды теріске шығарып, "елбасы Африкаға мұнай үшін немесе басқа бір мақсаттармен барған жоқ",-деді. "Сапардың мақсаты белгілі бір саясатқа бағытталмаған және ол арнаи келесі жылдың сайлауларына құрылмаған. Бұл Африкалықтар тап болып отырған шынаи қиыншылықтардан шығуға жәрдем қолын созуға бағытталған игі шара."

Буштың көмекшілері СПИД-тің мәселесіне, Африкалық өсім және мүмкіндіктер мен мыңжылдық талабына байланысты Вашингтонның өзге елдердің дамуына қолдау көрсетуге бағытталған үкіметтік экономикалық даму қорларынның іске асыруларына назар аударады. Тіпті Буштың әрекетін қолдамайтын белсенділердің өздері де, оның Африкаға сапары ақпарат құралдарында қауіп төндіріп отырған өзек жарды мәселерді көтерді деп мойындауда.

Ботсванада болған кезінде Буш, Африкаға терроршылдықтан көрі СПИД басты қауіп болып отырғандығына назар аударып, АҚШ өзіне төнген қауіпті көбіне күйттеп, өзге елдердің қиыншылықтарына көңіл бөле бермейтіндігіне ашық тоқталды.

АҚШ елбасы сондай-ақ Нигерия және Уганда елбасылары Олесегун Обасанжо мен Еовери Мусевенилерге саяси қолдау көрсетіп, олардың мәртебелерін көтеріп кетті. Ол сондайақ Зимбабвеге сыни көзқарасын өзгертіп, Оңтүстік Африка Республикасының елбасы Тхабо Мбекиді "істің адамы" ол Хараредегі саяси дағдарысты шешуге шамасы келеді,- деді. Бұл мәселеге Вашингтон мен Преторияның көз қарастары екі түрлі.

Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Ирақ соғысының алдында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде қолдаушылардың саны көп бола қоймағанын көрген Вашингтон, енді өз саясатына африкалық елдер қатарынан қолдау көрсетуші топ құрмақ және әлемдік деңгейде дауыс берулер кезінде бұл аймақтың маңызы артып отыр.
XS
SM
MD
LG