Бес елге жасаған осы сапарын Буш мырза кеше Нигерия елімен аяқтаған болатын. Осы сапары барысында Буш мырза африкалықтарға терроршылардың қауіп төндіруіне немесе бұл жерлерді террорлық әрекеттердің бесігі етуіне Құрама Штаттарының жол бермейтіндігін айтты. Нигерияға сапары кезінде АҚШ ел басы Буш Орталық барлау агенттігі директоры Жорж Тенетке өзінің сенімін білдірді. Осының алдында ғана Тенет мырзаға “Ирак Африкадан уран сатып алуға тырысты” деген жалған айыптауларға орай кіна артылған болатын. Жұма күні сөйлеген сөзінде Тенет мырза “Нигерден Ирак елі уран сатып алуға тырысты” деген айыптаудың заңдылығына Орталық барлау агенттігінің күмән келтіретіндгін, сондықтан да Буш мырзаның Одақ жағдайы атты қаңтар айындағы сөзінен аталған айыптауларды алып тастау керектігі туралы пікір айтқан болатын-, дейді Франс пресс ақпарат агенттігі. Ал, Ақ үй өкілдері болса, осы аптаның басында “Ирак ядролық қарулар жасау үшін материялдар сатып алуға тырысты” деген хабарлар жалған құжаттарға негізделген-, деген еді. Аталған сапары барысында Буш мырза, сондай-ақ СПИД ауруына қарсы күресте АҚШ-тың бұл елдерге көмектесуге әзір екендігін де айтты-, дейді ақпарат бұлақтары.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?