Accessibility links

Адам хұқтарын қорғау топтары Ауғанстанда түрмедегілер азапталып, қинауға түседі деген сындар айтуда.


Түрменің лас, тар қапас бөлмелерінде топырлаған көп тұтқындар бірге ұсталады, оларға жеткілікті мөлшерде тамақ берілмейді дейді олар.

Алайда түрме басшылары бұндай кінә-айыптауларды жоққа шығарып, елдегі барлық түрмелерде абақтыдағылардың ұсталу жағдайларын жақсарту жолында бірқатар шаралар жасалып жатқаны турасында мәлімдеп отыр.

23 жасар Шафиға Қабулдағы Уалайат түрмесіндегі ауған әйелдерінің бірі. Өзіне-өзі қол жұмсап, өлмекші болғаны үшін сот жазасын күтіп отырған Шафиғамен бірге әйелдерге арналған жалғыз орында тағы да 28 тұтқын қамалған. Бөлмеге тартылған су құбырының жоқтығы өз алдына, жуынып-шайыну үшін су құйып-төгетін ыдыс деген атымен болмайды. Олар шалшықтағы тоспа суға жуынады. Шафиға өздерінің кішкентай қараңғы тар бөлмеде алты әйел отыратындарын айтады.

- Бізге көптеген шетелдік өкілдер келіп кетті. Біз олардың барлығына да жуынатын бөлменің қалпына келтірілуіне көмектесулерін сұрадық, мұндағы күлімсі иіс пен қарақұрым қаптаған шыбыннан кесел табатын болдық. Бірақ өзгерер ешнәрсе көрінбейді-, деген тұтқын айел Шафиға.

Оның бөлмелес құрбысы Захра тұтқындарға берілетін тамақтың нашарлығын сөз етеді. Ол түрмедегілер туыстары әкелетін азық-түлікпан ғана күнелтеді дейді. Ал артынан іздеп келушісі жоқ тұтқындардың күнделікті ішер асы таңғы қара шай мен бір үзім нан, түскі және кешкі тамаққа суға пісірілген картоп, күрішпен шектеледі. Захраның айтуынша, тұтқындар таңғы тамаққа нан мен жұмыртқа берілсе, оның ақшасын қалталарынан төлеуге тиіс болады екен.

-Біз қажетті тағам дегенді көрмейміз. İздеп келетін ешкімі жоқтар түрме беретін суға қайнаған картоппен қанғаттанады. Қараңғы жерде саған қандай тамақ әкеліп бергенін көріп, ажырата да алмайсың. Тамақтың нашарлығынан мұндағылардың бәрі де науқас, әлсіз-, деген Захра.

Уалайат түрмесінің қызметкері Иасұмин Майора болса, түрме басшылығының мұндай жағдайды жақсы білетіндігін айтады.

-Түрмеде жыландар мен бақа-шаяндар да бар. Мұндағы ең басты кемшілік - су құбырының жетіспеушілігі. Жуынатын жане басқа да орындар таза емес, өте кір, лас. Жуынатын бөлмелердің қабырғалары жартылай қирап, есіктері сынып жатыр. Біздің дәліздердің нені еске түсіретінін мен сіздерге айта алмаймын. Электр жарығы деген мүлде жоқ, қараңғы бөлмеде құлап, аяқ-қолдарын сындырып алғандар де аз емес. Бірақ ешкім де бұған көңіл бөліп жатқан жоқ-, деген болатын бұл қызметкер.

Түрменің ресми өкілдері жағдайды жақсартып, ғимаратқа жөндеу жүргізуге қорлардың, ақшаның жетіспейтіндігін алға тартады. Адам хұқтарын қорғаушы белсенділер болса, ахуалды жетілдірудің ең қарапайым жолдары, жуынатын ванна бөлмелерін жабдықтап, онда таза су келтіріп қоюдың қандай қиындығы бар дегенді айтады. Олар сондай-ақ түтқындарды ұрып-соғу, басқа да азаптау шаралары қолданылады, мұның бәрі де олардың өз хұқтарын білмгендіктерінен дейді. Елдің астанасынан тыс жерлерде түрмеде ұсталатындардың басым көпшілігі өздерін қорғайтын адвокаттарға жете алмайды, басқа да қажетті ақпараттарды ала алмайды дегенді айтады.

Ауғанстандағы Адам Хұқтары жөніндегі Тәуелсіз комиссияның өкілі Мұхаммад Фарид Хамиди тұтқындағыларға түрлі қорлық- зорлық көрсету елдегі барлық абақтыларда жаппай орын алған жайлар деп атап көрсетіп, жауап алу кезінде ұрып-соғып, оларды темір шынжырға байлап ұстайды дейді.

Мұндай айыптауларды түрме басшылары мойындағысы келмейді. Дегенмен де, Ауғанстанның түрме істері жөніндегі басшысы Салом Хан Бахши түрмелердегі жағдайдың нашар екендігімен келіседі және бұған себеп- қаржының жетіспеушілігі дегенді айтады.

- Біздің түрмелерде тұтқындағыларды азаптап, қинау деген жоқ. Бірақ мен олардың мұндағы өмір сүру деңгейі тым төмен екендігімен келісемін. Абақты бөлмелеріндегі жағдай ешбір адамдық талаптарға сай келмейді деп айтуыма болады. Оларды ешқандай да халықаралық талаптарға да жатқыза алмайсың, алайда мұның бәрі біздің мемлекеттен алатын қаржымыздың көлеміне қарай шектеулі жасалып жатыр-, деген болатын-ды Салом Хан Бахши.

Ол түрмелерде тұтқындарды азаптау жоқ дегенімен де, Ауған үкіметінің түрме жүйесін қайта құруды жоспарлап отырғанын атап көрсеткен. Реформа осы аптада Қабулдағы түрме жұмысшыларына арналған арнайы оқыту курсымен басталады. Халықаралық рақымшылық және жергілікті хұқ топтарының мамандары адам хұқтары мен тұтқындардың түрмелерде ұсталуының талаптары жөнінде лекциялар оқып, баяндамалар жасайтын болады.

Адам хұқтарының белсендісі Мұхаммад Хамиди бұл - аталған бағытта жасала бастаған алғашқы ғана қадамдар, ал Ауғанстан көлемінде ресми түрмелерден басқа да басқарушы командирлер мен өзге де ықпалды топтар иелік ететін заңсыз, жасырын абақтылар да жеткілікті дегенді айтады. Оларда ешбір сұраусыз, заңдық негізсіз ұсталып отырған адамдар қаншама, міне Орталық үкіметпен ешқандай байланысы жоқ осындай жекелеген абақтыларда отырғандардың азапталуы мен олардың күнделікті жағдайы мемлекеттік түрмедегілердің хал-ахуалымен салыстырғанда жылап көрісетіндей деңгейде деген пікірін білдірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG