Accessibility links

Халықаралық дағдарыс тобы Исламға қарсы репрессиялар Орталық Азиядағы жағдайды ушықтыра түседі деп ескертеді.


Бельгияда орналасқан әлемдік деңгейдегі теке-тірестерді шешумен және олардың алдын алумен айналысатын ұйым - Халықаралық дағдарыс тобы Орталық Азия үкіметеріне Исламға көзқарасын өзгертіп, репресияларға сенім артпауға шақырады, бұл тек отқа май құя түсумен тең деп ескертіп отыр.

Халықаралық дағдарыс тобының хабарландыруында Орталық Азия мен Батысқа радикалды және дәстүрлі Исламның аражігін айыра білу ұсынылды.

Хабарландырудың "Орталық Азия : Ислам және Мемлекеттілік" деген тарауында Орталық Азиядағы Исламның тарихи орнына, оның сан алуандығына және 1991 жылдан бастап Совет Одағының ыдырау кезеңінен бастап ислам дінінің Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда, Қазақстанда және Түркменістанда түрліше жандана бастауына назар аударылады.

Онда " Әрбір ел әртүрлі деңгейдегі қудалаулар жүргізгенімен де, барлығы да саяси Исламның пайда болуына бақылау жасамақ болды, мейлі ол аздаған , не асыра сілтенген болсын және барлықтары да, Исламды мемлекеттің пайдасына қызмет жасайтын құрал ретінде пайдаланбақ болды." делінген.

Халықаралық дағдарыс тобы аймақтағы әр елге баға бере кеткен : " Өзбекстанда Исламға шектеу қоюу, діни оқуды астыртын жағдайда тарату мен оны үкіметтің ашық қудалаулары Исламды саяси оппозицияның тірегіне айландырып отыр. Ал Тәжікістанда 1992 жылы бұрқ еткен азамат соғысынан соң, Ислам мемлекет іргесін қалаушы серіктестіктің қозғаушы күшіне айналып отыр. Қырғызстан мен Қазақстанда дәстүрлі емес мұсылман ағымдары түс беріп, діннің қоғам мен саясаттағы орны бойынша пікір алмасулар бар. Қазақстан мен Қырғызстан ның оңтүстік аймақтарында Хезб ут-Тахрир сынды топтардың таралуы асырылып айтылады, ал шындығында ол айтарлықтай көлемде емес. Ал Түркменстанда Исламның ықпалы шамалы, бірақ елбасы Сапармұрат Ниязов кез келген діни қызметтті репресияға ұшыратып, өз билігін сақтап қалу үшін жасанды исламдық рухани сенім -наным тудырмақ."

Халықаралық дағдарыс тобының Орталық Азия аймағына жауапты өкілі Дэвид Льюстің ескертуінше, бұл елдердегі репресиялар " кең көлемді наразылықтар тудырып, Исламды саяси оппозицияның туына айландырды."

Халықаралық дағдарыс тобының Азия бағдарламасының басшысы Роберт Темплердің хабарлауынша , "Орталық Азиядағы радикалды Ислам : Хезб ут-Тахрирге жауап іздеу" атты тарауда 1990 жылдардың ортасында Орталық Азия аймағында ол өзіне мыңдаған қолдаушылар тапты дейді. Қантөгістерді қолдамағанымен, Хезб ут-Тахрир күллі мұсылман әлемінде үкіметтердің орнына бір ғана Ислам Халиватын құруды ұсынады.

Халықаралық дағдарыс тобының есебі бойынша, Хезб ут-Тахрирдың Орталық Азияда 15-тен 20 мыңға шейін мүшелері бар, олардың басым бөлігі Өзбекстанда, сондайақ өзбектер қоныстанған Қырғыстан, Тәжікстан және Қазақстаның аймақтарында да бар. Хабарландыруда Хезб ут-Тахрир діни ұйымнан гөрі мұсылман елдерінде Шариғат заңдарына бағынатын қоғам құруды көздейтін саяси ұйым ретінде анықталады. Орталық Азия үкіметтерінің, әсіресе Өзбекстан билік орындарының Хезб ут-Тахриршыларға жапай аяусыз репресиялар ұйымдастырулары, олардың терроршылдық жолын таңдап алды дегеніне негіз бола алмайды. Бірақ саяси оппозицияның балама түрлерінің болмауы жастардың ұйым қатарын толтыратындығы айқын,- делінеді хабарландыруда.

Халықаралық дағдарыс тобының Орталық Азия аймағына жауапты өкілі Дэвид Льюстің пікірінше қуғын -сүргінге қарамастан, Хезб ут-Тахрир бейбіт қарсылық таныту жолынан айнымайды:

"Менің ойымша Өзбекстанда кейбір топтар пайда болып, олар таңдап алған күрес тәсілдері нәтиже бермей отыр деп, шыдамсыздық танытып және көңілдері түсуі мүмкін. Әзірше олардың өз тактикасын өзгерткені байқалмайды. Олардың өзгеріске ұшырайтындығының ешқандай куәлары байқалмайды. Сіздің есіңізде болуы тиіс, өзбек үкіметінің ғаламат қысымына қарамастан, олар таңдап алған жолын өзгерткен емес."

Екі хабарландыруда да, "Орталық Азия үкіметтері Хезб ут-Тахрирға тыйым салмай, бірақ ол қанат жайып отырған қоршаған ортаға өзгеріс енгізуді шұғыл қолға алуды ұсынады."

Француз ғалымы Оливер Ройдың айтуынша, Орталық Азия үкіметтерінің ішінде, билікті Ислам партиясымен бөлісу әрекеті Тәжікстандағы 1997 жылғы азамат соғысын тоқтату кезінде іске асырылды. Ройдың пікірінше Өзбек үкіметі саяси либерализация жасау арқылы Хезб ут-Тахрирмен тіл табыса алар еді.

"Хабарландырудың тұжырымдауынша Хезб ут-Тахрирдың өз қатарына өзбекстандық жастарды тартпауы үшін саяси сахнаны түзеп және күллі аймақтағы демократиялық ахуалды жақсарту қажет, әсіресе Өзбекстанда."

Льюис Орталық Азияның кей елдерінде Хезб ут-Тахрир сынды қауіпке өзгеше тұрғыдан қараушылықтың бар екендігіне тоқталды :

"Менің ойымша Қырғызстан мен Тәжікстанда ресми өкілдер арасында Хезб ут-Тахрирмен күресте жаңа идеяларға, балама жолдарға қызығушылық бар. Менің ойымша, қазіргі Өзбекстандағы билік басындағы адамдар арасында тас кереңдік тек діни саладағы балама саясатта ғана бар емес, ол жалпы үкіметтің саясатынна тән. Бірақ Өзбекстан үкіметінде бұндай саясаттың ұзақ мерзімдік келешекке аса зиянды екендігін ұғынушылар бар. Бірақ қазіргі таңда олар бұны саясатқа айналдыру үшін жеткілікті билікке ие емес." - деп аяқтайды Азаттық радиосының қызметкері Чарльз Карлсон өз хабарын.
XS
SM
MD
LG