Accessibility links

Бүгін Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы өз жұмысын бастады.


Скот МкКлелан бұдан бұрын баспасөз хатшысы Ари Флейшердің орынбасары болған-ды. Ал, Флейшер мырза болса, АҚШ елбасы Жорж Буштың бас өкілі ретінде екі жарым жыл қызмет етті. Ол өзінің соңғы баспасөз мәслихатында елбасы Жорж Буштың Иракқа байланысты ұстанған саясатын қорғаумен болды. Бұл жолы Флейшер мырза соңғы баспасөз мәслихатында қызыл сөзді, түрлі теңеулерді көбірек қолданды. Африка уранын Ирак сатып алмақ болды деген мәлімет Буш әкімшілігінің Иракқа қарсы соғыс ашуында басты себеп болды деген пікірлер жалған-, деді ол. Журналистер сауалына Флейшер мырза бір сағаттай жауап берді. Бұл қызметтен кеткеннен кейін ол Ақ үйдегі қызметі тұсындағы көрген-білгендері жөнінде кітап жазып, сөздер сөйлеп, жеке бизнесінде көп табыстарға кенелуді көздеуде.
XS
SM
MD
LG