Accessibility links

Бiрiн - абақтыға, бiрiн - атқа


Қазақстанның демократиялық қозғалысын құрған азаматтардың жолы көп кешiкпей екi айырылып, тағдырларының да екi түрлi қалыптасқаны мәлiм.

Олардың екеуi, атап айтқанда, Мұхтар Әбiләзов пен Ғалымжан Жақиянов сотталып, абақтыға жабылса, “Ақжол” партиясын құрып басқа жолға түскендерi билiк кеңселерiне қайта оралуда. Мұхтар Әбiләзов мемлекет басшысынан рахымшылық сұрап, басына еркiндiк алған болатын.

Шiлденiң 14-i күнi қысқа мерзiмдi демалысқа шыққан Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚДТҚ-ын құрысқандардың бiрi Берiк Имашевтi Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының орынбасарлығына, ал Жанат Ертiлесованы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк төрағасының бiрiншi орынбасарлығына тағайындап кеткенi мәлiм болды.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктi қазiр Ораз Жандосов басқарады. Ол да кезiнде Қазақстанның демократиялық қозғалысын құрған басты тұлғалардың бiрi болатын.

Ал тәуелсiз хабар-ошар құралдарының хабарларына қарағанда, аталған қозғалыстың абақтыда отырған тең төрағасы Ғалымжан Жақияновтың денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Осыған орай, шiлденiң 15 күнi Павлодар облысындағы демократиялық жұртшылық өкiлдерiнiң мемлекет басшысына жазған ашық хаты интернетте жарық көрдi. Онда: “Ғалымжан Жақияновтың тағдырына алаңдаулы Павлодар облысының екi жарым мың тұрғыны атынан Президент кеңсесіне тапсырылған үндеуiмiзге әлi жауап жоқ. Оны сiзге жеткiзбеген де болар. Сондықтан Ғалымжан Жақияновтың тағдырына байланысты тағы да үндеу көтерiп отырмыз. Бiз-оған еркiндiк берудi талап етемiз” делiнедi.
XS
SM
MD
LG