Accessibility links

Өртену акциясын кейiнге қалдырды


Шiлденiң 1-i күнгi хабарымызда «Әдiлет» қоғамдық бiрлестiгi Оңтүстiк Қазақстан облыстық бөлiмшесiнiң төрайымы Нәрипа Асанова Үкiметке қойған талаптары орындалмаған жағдайда өзiн өртейтiнiн мәлiмдеген-дi.

Ол бұл туралы билiк орындарына бiр жарым ай бұрын ескерткен. Осы мақсатпен маусымның 30-ы күнi Астанаға келген оны бас министр Даниял Ахметов қабылдап, Бәйдiбек би ауданындағы көп балалы аналардың арыз-шағымдарын мұқият тексеруге уәде берген болатын. Нәрипа Асанованың Үкiметке қоятын бiрнеше талабы бар.

Бiрiншiсi, аналардың 1997 жылдан берi төленбей келген жәрдемақыларын өндiртiп беру, болмаса, оны талан-таражға салғандарды жауапқа тартып, қолды болған ақшаны мемлекет қазынасына қайтарту.

Екiншiсi - осыған кiрiскенi үшiн қудаланған Ұлмекен Сайыдованың мәселесi. Асанованың айтуынша, «Әдiлет» қоғамдық бiрлестiгiнiң бүгiнде жарымжан болып қалған төрайымын полиция, тергеу орындары екi жылдан берi Шымкенттен шығармай ұстап отыр. Нәрипа Асанова осы айтылғандар тексерiлiп, Үкiмет тарапынан тиiстi шаралар қолданылмаған жағдайда өзiн шiлденiң 14-i күнi өртемек болған-ды.

- Бұл акцияны екi айға кейiнге қалдыра тұрмақпын.Өйткенi, шiлденiң 10 күнi билiк тарапынан: «екi айға мұрсат берсеңiздер, араз-шағымдарыңыздың егжей-тегжейiн тексерiп, тиiстi шешiм шығарамыз» деген қолхат алып отырмын, - дейдi Асанова ханым.
XS
SM
MD
LG