Accessibility links

Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр


Қазақстан 2015 жылы мұнай өндіру көлемін 150-170 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі баспасөз қызметінің шілденің 15-і күні таратқан ақпаратына сүйенсек, шілденің 14-і күні Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының Еуропалық кеңсесінің директоры Фриц Шлингенман мен Каспийдің экологиялық бағдарламасының үйлестірушісі Хамид Гафарзадені қабылдаған. Кездесу барысында министр, Қазақстан 2015 жылы мұнай өндіру көлемін 150-170 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын, сондықтанда Каспий айдынын экологиялық қорғаудағы Негізгі конвенцияның маңызы зор екендігін атап өткен.

Кездесу барысында Фриц Шлингенман мырза, Негізгі конвенцияның өзекті мәселелері осы жылы қыркүйекте өткізілетін Каспий айдыны экологиясына арналған отырыста талқыланатындығын айтқан.

Қыркүйекте болатын кездесуде бес мемлекеттің табиғатты қорғау министрліктері мен мұнай-газ саласының жетекшілері қатысып, мұнай өңдеудегі теңіз қайраңын игерудің әлемдік тәжірибелері мен аймақтық ерекшелегі сараланады.

Фриц Шлингенманның пікірінше, осындай жағдайда экологиялық талаптар жобасы жасалады.
XS
SM
MD
LG