Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы атүсті дайындалған.
Межеленген жобадағы белгіленген міндеттерді шешудің заңдық негізі ескерілмеген.
Шілденің 15-і күні өткен үкімет отырысында Премьер-министр Даниал Ахметов аталған іс-шаралар жоспарын талқылау барысында жобаға қатысты осындай сын айтты.
Үкімет басшысының айтуынша, каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруге байланысты бағдарламада теңіз және әуе инфрақұрылымдарын құру, мұнай операцияларын қамтамасыз ету мәселелері қамтылмаған. Сондықтан да аталған құжат қысқа мерзім ішінде пысықталуы тиіс және ол бос мүмкіндіктерге құрылған декларативтік сипатта болмауы қажет.
Премьер-министр, мұнай және жер қойнауы туралы Президент жарлығына әлі күнге дейін тиісті өзгерістердің енгізілмегенін де сынға алып, бағдарламаны жүзеге асырудың шынайы заңдық негізін көріп тұрған жоқпын,- деді.
Аталған іс-шаралар жоспары бойынша баяндаған Энергетика және минералды ресурстар министрі Владмир Школьниктің айтуынша, Каспийдің қазақстандық секторын игеру үш кезеңнен тұрады. Ол- 2003- 2005-ші, 2006-2010-шы және 2015-ші жылдарды қамтиды. Министр Владимир Школьник, теңіз операцияларын жүргізуде әуе құралдарымен қолдау мәселесінің болжамды есебі жасалғанын және оның аталған іс-шарада көрініс табатынын айтты.
Аталған бағдарлама натқыланып, жуық уақытта Үкімет қарауына енгізілетін болады. Прмьер-министр Даниал Ахметовтің айтуынша, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруде мұнайдың алғашқы тоннасы 2006-шы өндіріледі.