Accessibility links

Ирақ соғыс қылмыстары соты құрылады


Орнынан түсірілген президент Саддам Хұсейннің қылмыстарын тергеу мақсатында Ирақ басқару кеңесі соғыс қылмыстары сотын құруды бұйырды. Ирақ ұлттық конгресі партиясының өкілі Ентифадх Қанбар сотқа Саддам бастаған бір топ бұрынғы басшы тартылады деді. Саддам Хұсейн соғыс кезінен бері хабар-ошарсыз жүргендіктен оның ісі сырттай қаралса жөн, деді Ентифадх Қанбар. Ирақтың уақытша әкімі Пол Бремер болса АҚШ әскері Ирақтан жаңа конституция қабылданған соң, сайлау өткізілген соң қане кері қайтады деп мәлімдеді: - Конституция ирақтыртар үшін жазылады және бұл ирақтықтардың ісі. Қортынды жоба ирақ халқының қарауына, референдумға салынады. Ирақтың толыққанды үкіметін құру үшін демократиялық, еркін және шынайы сайлау өткізіле алу керек. Сонда қане біздің жұмысымыз, одақтастардың шаруасы аяқталды деп білетін боламыз.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG