Accessibility links

ЕуроОдақ пен АҚШ-ы арасындағы тағам жайлы дау


Европа Одағы мен АҚШ-ның генетикалық жасанды тағамдардың саудасы саласындағы даулы пікірталасы кең етек алып барады.

Бұл аталған тағамдардың бірден-бір өндірушісі болып табылатын Америка олардың денсаулыққа пайдасы мен тиімділгі туралы дәлелдеп сендірмек болса, европалық тұтынушылар өз денсаулықтарына бұл тағамдық қосымшалардың қалай асер ететіндігіне күмәнмен қарайды.

Осы жақын жылдарда ғана ғалымдар ізденістер нәтижесінде өсірілетін жасанды генетикалық дәнді дақылдардың арам шөптер мен зиянды жәндіктерге қарсы тұра алатын қабілетін бірқатар жетілдіре алған болатын. Мұның өзі дәнді дақылдар алқаптарында шаруалардың қымбат тұратын химиялық тыңайтқыштар қолданбай-ақ, таза өнім өсіріп, жинап алуына кепілдік бере бастаған-ды.

АҚШ-ы генетикалық жасанды тағамдық қосымшаларды өндіруден әлем бойынша бірінші орында, ал көптеген дамушы елдер болса Американың үлгісімен оның ізін басып келеді. Десек те, Европа Одағы адамдардың ұзақ мерзімдік денсаулығының жағдайы мен қоршаған ортаға жасанды тағамдық қосымшалардың әсер-ықпалына күмәнмен қарап, түрлі алаңдаушылық білдірген болатын. Сол себепті де соңғы бес жыл бойына генетикалық тағамдық қосымшалардың басым көпшілігін таратуға ЕО тиым салып, шектеу қойып келді. Одақ бұл ретте генетикалық тағамдарға қатысты бұл- өздерінің жеке қабылдап отырған шешімі емес, тұтынушылардың талап- шағымдарын ескере келе жасалған қадам екендігін атап көрсеткен. Комиссияның баяндамашысы Бит Гминдер бұл орайда былай дейді:

- Генетикалық өзгерістер қосымшасы адам ағзасына кәдімгі тағамдардан өзгеше әсер етеді деген ғылыми баға берілгендіктен де, біз олар Европада қолданылуы керек деп ойламаймыз.

Мұнымен бірге қоршаған ортаны қорғаушылар да мұндай дақылдарды өсіру, ауаны мөлшерден тыс шаң-тозаңдатып, табиғи экологияның өзгерістерге ұшырауына әсер етеді деген алаңдаушылық танытады.

Аргентина мен Канаданың қолдауына ие болған АҚШ-ы енді бұл істе бүкіл Дүниежүзілік сауда ұйымына ЕО-на қарсы шағым түсіріп отыр. Америка ЕО-ның генетикалық жасанды тағам қосымшаларына ешқандай ғылыми дерекке негізделмеген тиым салуынан, осы кәсіппен айналысатын фермерлеріміз жыл сайын жүздеген миллион доллар қаржысын жоғалтады дейді. ЕО-ғы енді бір ортақ түсіністік жағдайына келе жатқан тәрізді, осы айда Европа парламенті сатылатын барлық генетикалық тағамдар қосымшасында айқын белгілері болуы керек деген талап-ережелер жинағын шығарды.

- Біз генетикалық қосымшаларға олардан адам денсаулығына қандай да бір қауіп-қатер бар деп ойлағандықтан белгі соғылсын демейміз. Қайта оларды тұтынғысы келетін адамдардың көбірек ақпарат алып, таңдай білулеріне көмектессін дегендіктен де, осындай белгілерді талап етудеміз, - деген Бит Гминдер.

ЕО-ның жаңа президенті - Италия мұндай шаралар шетелдік тауарларға деген шектеуді тезірек алып тастауға көмек болады деген көзқарас жағында. Италияның ауылшаруашылық министрі Жованни Алеманно шет елдің тағамдық тауарларына деген шектеу мүмкін жыл аяғына дейін жойылатын болар деп айтқан өткен аптада.

Алайда ЕО-ның тарапынан жасалғалы отырған бұл қадамдар жасанды генетикалық тағамдар қосымшасын жақтаушыларды оншалықты қанғаттандырмайды. Американдық фермерлер белгі қою жүйесі бұл тағамдарды қолданушыларды үркітеді десе, компаниялар ЕО-ның дәнді дақылдарға деген қатаң ережелерінен қорқақтайды. Лондондағы саяси талдаушы Катинка Бариш былай дейді:

- Бір жағынан алып қарағанда, ЕО-ы жоғары техникалық және сақтық танытқысы келеді де, генетикалық тағамдар қосымшасы түрлерін зерттеу барысында аздап либералды ережелерге жол береді. Екінші жағынан қарғанда, ЕО азаматтардың денсаулығына байланысты өте қатты алаңдаушылық білдіреді.

Европа Одағының қатарынан алдағы жылы орын алатын орталық жане шығыс Европаның елдері Одақтың бұл ережелеріне әзірге бағынбайды. Словения мен Польша тәрізді кандидат елдер болса, өз болашақтарын ауылшаруашылық өнімдерінің экспортымен, органикалық тағамдық өсімдіктер өсірумен тығыз байланыстырады. Органикалық тағамдық өнімдер азық-түліктің басқа түрлерінен қымбатырақ болғанымен де, оның нарықтағы үлесі ептеп өсіп келеді.

Дегенмен де, басқа кандидат елдер, болмаса Одақпен шекаралас Румыния сияқты мемлекеттер, сондай-ақ Болгария мен Украина және Ресей жасанды генетикалық қосымшалар жағына көбірек таңдау жасайды. Маселен қоршаған ортаны қорғаушылар өткен жылы Румыниядағы 100 гектар алқапқа себілген қызылшаның тең жартысы жасанды көшеттерден өсірілген деп мәлімдейді. Басқа да жасанды генетикалық тағамдар тобына картоп, қант қызылшасы және дәнді дақылдар жатқызылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG