Accessibility links

Кеше Ақ үй өкілдері Құрама Штаттарындағы бюджеттік тапшылықтың ең жоғарғы деңгейіне көтерілгені жөнінде мәлімдеді.


Бұл жағдайға орай Демократиялық партия заңгерлері Буш әкімшілігін економикалық салаға дұрыс басшылық жасамай отырғаны үшін айыптады. Биылғы жылғы тапшылық 455 миллиард долларды, ал келер жылы тіпті 475 миллиард долларды құрамақшы. Мұндай тапшылықтың себебін Ақ үйдегі бюджет басшысы экономикалық әлсіз дамулар мен салықтан түсетін кірістің төмендгі және қаржының террорлық әрекеттерге қарсы соғысқа көптеп жұмсалуы салдарларымен түсіндіруге тырысты. Жошуа Болтен мырзаның айтуынша, бюджетті үйлестіруден гөрі бар назар террорға қарсы күресте жеңіске жету мен Америка қорғанысын арттыруға ауып кеткен.
XS
SM
MD
LG