Accessibility links

Израйль солдаттары палестиналықтардың қолында бес күн тұтқында болған израйльдік азаматты босатты.


Елиаху Гурел деген такси жүргізушіні екі адам ұрлап кеткен екен. Ол екеуі әлгі күні-ақ қамауға алынған. Палестиналықтар Гурелді босату үшін оның өтемі ретінде қамаудағы палестиналықтардың бостандыққа шығарылуын талап етіскен екен. Ешқандай топ бұл оқиғаларға байланысты жауапкершілікті өз мойнына ала қойған жоқ деп хабарлайды Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG