Accessibility links

АҚШ-тың Иранға бағытталған телехабарын Куба бөгеп отыр


Америка Құрама Штаттары Иранға жерсерігі арқылы бағытталған телехабарларды ашқан болатын. Алайда, Иран азаматтары хабарды ала алмай отырғандарын соңғы кезде көп айтады. Телехабарлардың жеткізілуіне Куба техникалық бөгет жасағаны анықталып отыр. АҚШ парламентіне қарасты Хабар тарату басқарушыларының алқасы бұған наразылық танытты. "Америка дауысы" сияқты әскери-емес халықаралық ақпарат бұлақтарының таратылуына бөгет жасайтын Куба және басқа мемлекеттерге қарсы шара қолдануға үндеу айтылды, жерсерігі байланысын атқаратын компаниялар мұндай мемлекеттерден бойын аулақ ұстауға шақырылды. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Ричард Баучер сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатта бұл халықаралық дәрежедегі мәселе деді: - Біз бұл мәселе жөнінде АҚШ федералды байланыс комиссиясымен және басқа үкіметтік мекемелермен ақылдасып отырмыз. Хабар тарату басқарушыларының алқасы бұл жөнінде мәлімдеме айтады, олар бөгет Кубадан жасалып отыр деп пайымдайды. Біз бұл мәселені Куба үкіметіне қоймақпыз.
XS
SM
MD
LG