Accessibility links

Британия өкімет басшысы Тони Блейр Вашингтонға ресми сапармен келді.


Оның барысында Блейр мырза АҚШ Конгресінің сессиясында сөз сөйлеп, сондай-ақ Ақ үйде АҚШ елбасы Жорж Бушпен кездесетін болады. Бұл қос басшы содан кейін біріккен баспасөз мәслихатын өткізбекші. Кеше сөйлеген сөзінде Блейр мырза соғыс алдындағы Британия тарапы жасаған мәлімдемеге сүйенетіндігін айтқан болатын. Ол мәлімдеме бойынша, Саддам Хусейн ядролық қару бағдарламасын жүзеге асыру үшін Африкадан уран сатып алуға тырысты деп айыпталған еді. - Бұл мәлімдемеде, сондай-ақ “Ирак 45 минут ішінде химиялық және биологиялық қарулар жасап шығара алады” деген анықтама да дұрыс негіздерге құрылған еді-, деді Блейр мырза. Буш пен Блейр мырзалар Иракқа қарсы ашқан өздерінің соғыстарының басты себебі ретінде “Иракта жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар бар” деген тұжырымды алға тартқан болатын. Алайда, ондай қару түрлерін олар Ирак жерінен әлі күнге дейін таба алмай отыр дейді Азаттық радиосының Вашингтондағы тілшісі Франк Шонгос.
XS
SM
MD
LG