Accessibility links

Иракта АҚШ әскерилеріне шабуылдар одан әрі жалғасуда.


Бұл елдегі әскери шаралардың АҚШ тарапынан бас қолбасшысы, генерал Жон Абизайдтың пікірінше, аталған шабуылдар өзінің сипаты жағынан партизандық шабуылдарға ұқсап бара жатқандай. Кеше Пентагондағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде ол террорлық әрекеттердің де қайта жандана бастағандығын айтты. Абизайд мырзаның сөзіне қарағанда шабуылшылар бұрынғыдан гөрі ұйымдасқан түрде және тәсілдері мен қаржыландырылу жағын да жақсартқан күйде әрекет ете бастаса керек. Бәрібір-, деді ол-, АҚШ-тың басқаруындағы коалиция күштері жеңіске жететін болады. -Соғыс деген ерік-жігерлердің күресі. Араб басылымдарын оқып көріңіз. “Біз америкалықтарды Бейруттан, яғни 1980-ші жылғы АҚШ теңіз жаяу әскерінің бомбалануын айтып отыр, қуып шықтық. Біз оларды Сомалиден шығарып жібердік. Оларды біздің Бағдаттан да қуып шығатындығымызды сіздер білесіздер"- деп жазуда ол басылымдар. Алайда, бұл- шындық емес. Олар бізді еш жерден де қуып шыққан жоқ-, деді Абизайд мырза. Кеше, Абизайд мырза мәлімдемесінің алдында ғана болған жарылыс кесірінен бір АҚШ әскериі қаза болып, екеуі жараланған еді. Сондай-ақ Бағдад әуе жайына қонуға беттеген Америка жүк тасығыш ұшағына жерден-әуе зымыранынан оқ жаудырылған болатын.
XS
SM
MD
LG